Құралбай Орынбасар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы
Ол Азияны үш рет бағындырған, Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған, қазақ күресінен Еуропа және Азия чемпионы атанған, дзюдо спортынан Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға қатысып қайтқан ардагер балуан. Самбодан «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
1976 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Отырар ауданының «құрметті азаматының» бапкерлігімен талай сындарда топ жарып жүрген спортшылар жектілікті. Олар: Әбілдаұлы Сабыржан самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Самбодан 2009 жылы өткен Азия чемпионатының және осы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2011 — 2012 жылғы «Қазақстан барысы» жарысының қатысушысы; Тұрмаханова Гаухар самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Самбодан екі дүркін Азия чемпионы, 2013-2014 жылғы Әлем чемпионатының Алтын және күміс жүлдегері; Абдіразақ Бағлан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2016 жылғы өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, ҚР чемпионатының жеңімпазы; Дуктурбаева Руза самбодан 2017 жылы өткен Азия чемпионатының және ҚР чемпионатының жеңімпазы, әлем кубогының күміс жүлдегері; Құдретілла Айжан самбодан «Жастар ойындары » І-орын, Азия чемпионатының қола жүлдегері және ҚР чемпионатының жеңімпазы.
Құралбай Орынбасарұлы бапкерлігімен әлі де қазақ туын биіктерден желбірететін спортшылар шығады деп сенеміз.
Be the first to comment on "ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: Құралбай Орынбасар"