Текті төріміз Түркістанды түлетейік!

113 рет оқылды, 11 пікір жазылды, 14 09 2018 16:18

Елбасының Түркістан облысы туралы Жарлығы шыққалы бері редакциямызға ел өңірлерінен ризашылыққа толы хаттар легі толастаған емес. Алыс-жақын бауырлас елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері де бұл шешімді зор қуанышпен қарсы алып, түгел түркінің түпқазығы, киелі ордасы саналатын Түркістанның қайта түлейтіндігіне ризашылықтары мен қолдау пікірлерін жолдағаны мәлім. Олардың көпшілігін газетіміздің бетінде жариялаған болатынбыз. Осындай тағы бір ерекше хат редакциямызға кеше келіп түсті. Тілегі бір туысқан мемлекеттер – Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның қаламгер-қайраткерлері қол қойған бұл хат барша түркі жұртын Түркістанды түлетуге үндейді. Біз осы үндеу-хатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Ұлы Дала елінде, қара шаңы­рақ Қазақстанда биылғы маусым айында тарихи тағылымы терең, таңғажайып жаңалық болды.  Әлемдегі ең жаңашыл, бастамашыл басшылардың біре­гейі, Қазақстанның ғана емес, тұтас түркі дүниесінің Көшбас­шы­­сы атанған Нұрсұлтан Назар­баев­­­тың Жарлығымен Түркістан облысы құрылды. Шырайлы Шым­кент шаһарына үшінші ірі мега­полис ретінде республикалық мәртебе беріліп, түркі әлемінің текті төрі Түркістан қаласы өңір орталығына айналды. Қазақстан Президенті өзінің Жар­лығында Түркістан облысы қандай мақсатта құрылғандығын айқындап, Түркістанды түркі әле­мінің мәдени-рухани орталығы ре­тінде жан-жақты дамытудың аса қа­жеттілігін анық атап көрсеткен. Осынау жасампаз жаңа­лық, мән-маңызы зор оқи­ға қа­ра ­шаңырақ иесі қазақ халқының, күл­лі қазақстандықтардың бабалар аманатына адалдығынан, Ел­ба­сының ерендігінен, келешекті көре білген кемеңгерлігінен туын­дап отыр. Түркістан ұғымы – ұлы ұғым. Түркістан дегенде бүкіл түркі әлемі, Түркі қағанаты, түркілік те­гі­­міз, түркілік түбіріміз, түркі­лік тамырымыз ойға оралады. Жа­дымызды жаңғыртады. Бар­ша­мыздың бойымызды серпі­ліс сезімі кернеп, рухымыз ас­қақ­тай­ды. Түркістан деген сөз жаң­ғы­руға, жаңаруға шақырады. Мі­не, сондықтан да Түркістан об­­лы­­сының құрылуы, Түркістан ша­һа­рының үлкен уәлаят орта­лығына айналуы – түгел түркі­нің рухын биіктететін бірегей қуаныш. Тарихтан аян, түркі халық­тары жүздеген жылдар бойы отар­шыл­дықтың, басқыншылықтың тақсіретін тартты. Қасіреттерін шекті. Сұрқия саясаттардың сал­дарынан түркі тарихы мен мәде­ниеті, түркі тілі мен жазуы ор­ны тол­мастай ойсырады. Отар­шыл­дар түр­кі халықтарының елуге жуы­­­ғын жаулап алып, аяусыз езіп-жан­шыды. Жартысынан аста­­­мы жо­йылып кетті. Қалған­да­ры­­ның көпшілігі шалажансар күй­ге түсті. Таңғажайып тіл­дері­нен, қай­­­та­­ланбас салт-дәс­түр­лері­нен, жа­дыларынан жаңыл­дырылды. Барлық түркі халықтары сияқты қазақ ұлты да қанқасап қыр­ғындарды бастан кешті. қара ­шаңырақ иесі ретінде көбі­рек күйзеліске ұшырап, гено­цидке душар болды. ХХ ға­сыр­дың басынан орта тұсына дейін бірінен кейін бірі қайталан­ған қасіреттерден, қолдан ұйым­дас­тырылған ашаршылықтан бес миллион қазақ қырылды. Алаш ардақтыларының Түркістан мемлекеті, Түркістан республикасы хақындағы арман-аңсарлары да, нақты әрекеттері де, ізгілікті идеялары мен мақсат-мұраттары да саяси қуғын-сүргінге түсті. Тәуелсіздіктің, Көшбасшы көрегендігінің арқасында кең пейілді, көркем мінезді, жаны жомарт қазақ халқы, барша қа­зақ­стандықтар – қара шаңырақ Қазақ елі дүние жүзіндегі даңқты мем­лекетке айналды. Сондықтан да Түркістанның тың тыныс ашқаны – тек қазақтардың ғана емес, тұтас түркінің мақтанышы, мерейі.
Ол үшін, әрине, бүкіл түркі дү­ниесінің қолдауы мен қамқор­лығы қажет. Былтыр, яғни 2017 жылы Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болған кезде барлық бауырлас елдерден меймандар бірауыздан: «Рухани жаңғыру – тұтас түркі дүниесінің теңдессіз олжасы» деп бағалағаны белгілі. Шынтуайтында, дүние жүзінде дүрбелең оқиғалардың, күрделі де күрмеулі, қилы да қиын құбылыстардың белең алуы адамзаттың рухани әлсіреуінен, құндылықтардың құлдырауынан болып отырғаны аян. Біз осы мақаланы жаза отырып, ең алдымен сол рухани әлсі­реуден, құндылықтардың құл­ды­рауынан батыл арылуға бағыт алу керектігіне назар аударсақ дейміз. Осы орайда Түркістан рухы, рухани жаңғыру мұраттары алға ұмтылуға асыл арна, алтын арқау бола алады. Сондықтан да түркі дүниесінің ел тізгіндерін ұстаған ерендерін, келешекті кеңінен ойлай білетін кемелдерін, ғалымдары мен мәдениет, әде­биет және өнер өкілдерін, барша бизнесмендері мен күллі кәсіп иелерін, мемлекеттік және жеке­меншік мекемелер мен қоғамдық және саяси, сондай-ақ діни бір­лестіктерді, жастарды текті төрі­міз Түркістанды түлетуге белсене үлес қосуға шақырамыз. Күні кеше ғана түркі тілдес мемле­кеттердің Қырғызстанда өткен VІ саммитінде Нұрсұлтан Назарбаев түркі рухын, Түркістанды бірлесе биіктету туралы ұсыныстар біл­дірді. Түркістан идеясы, Түркіс­тан­ды рухы тербеткен Ахмет Ясауи мұраттары арқылы, Түр­кі әлемінің Көшбасшысы Нұрсұл­тан Назарбаев ұсынған рухани жаңғыру мақсаттарын терең ұғы­нып, ойдағыдай орындау арқылы адамзат дамуына айшықты әсер етуге, ізгілік жолымен ілгері жылжуда серпіліс жасауға әбден болады деген сенімдеміз. «Қазіргі кезде әлем қарсы тұру­шылықтарға емес, үйлесімділікке, даму мен ынтымақтастыққа мұқ­таж. Сондықтан Астана шаш­қан ізгілік пен қазақстандық құндылықтардың нұры бүкіл планетаға тарап, ризашылықты шұғыла ретінде қайта оралып жатыр», деді Қазақстан Президенті елорданың жиырма жылдығында. Астана нұрын Түркістан мұ­рат­тарының рухани нәрімен нығайта түсудің нәтижиелері мол болатынын терең түсінген абзал. Бүгінгі ұрпақтар біле бер­мей­тін бұрынғы кездердегі сұрқиялықтар аз емес, ағайындар. Сондай сая­саттың сарқыншақтары мен салдарынан батыл және жыл­дамырақ арылу аса қажет деп санаймыз. Мәселен, 1944 жылы ВКП(б) Орталық Комитетінің құпияланған қаулысы бойынша түркі халықтарының тарихын зерттеуге, тіпті айтып-жа­зып қарастыруға мұқым-мүлде ты­йым салынды. Соның салдарынан бұрынғы отаршылдар мен бас­қыншылар асқындыра бұр­ма­лаған, әдейі өзгерткен түр­кілердің тарихы одан сайын бұрмаланды, бұлыңғыр тартты.  Енді міне, түркі әлемінің тарихы мен әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлерін, тілі мен ділін түбегейлі түрде, түр­кіс­тандық тектілікпен, тұтаса, тұтастыра, түгендей танымақ, бірлесе зерттеп-зерделемек, ұр­пақтар игілігі, болашақ қамы үшін айналымға түсіріп, игеріп-мең­гермек міндеттері туындап отыр. Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, айтулы шаралар өткізілген Астана қаласында, Түркияның Ескішаһар, Татарстанның Қа­зан, Түркіменстанның Мары, Әзер­байжанның Шеки шаһарларында және Түркістанда, басқа да бас­қосуларда ортаға салынған ой-пікірлерді, парасатты пайымдарды, ұтымды ұсыныстарды саралап, сұрыптап, жүйелі түрде жүзелемек керек. Түркістан шаһары бағзы за­мандардан-ақ түркілердің текті орталығы болған. Патшалық Ресей мен кеңестік кезеңде жүдеп-жадап кеткені, тіпті Әзірет Сұлтан кесенесінің күмбезі астындағы ақшаңқан шырағдандарға оқ атылғаны, бертінде асыл мұраның аяқасты болып, қорланғаны, тайқазанынан, тағы басқа жауһар жәдігерлерінен айырылғаны мә­лім. Ал ежелгі замандарда не­бір парасаты биік патшалар, қай­т­пас-қайсар қағандар, халық қа­мын жеген хандар, ел қорғаған қол­басшылар, әділ билер мен қазылар, ғұлама ғалымдар мен ақиық ақын-жазушылар текті төрі­мізді көріп қуанатын, үлгі алатын, пір тұтатын болған. Түр­кіс­тан, Ахмет Ясауи бабамыз бәдіз­дегендей, текті төрге, Әбу­ Насыр әл-Фараби данамыз дә­­йек­тегендей, қайырымды қалаға ай­­налса деп армандаймыз, ағайын­дар. Қара шаңырақ Қазақстан тәуел­сіз ел болғаннан кейін Түркістан шаһарында Түркияның мемлекет басшылары Тұрғұт Өзал, Сү­леймен Демирел, Абдолла Гүл, Ре­­жеп Тайип Ердоған, тағы бас­қалар болды. Абдолла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің ақсақалы ретінде арнайы асатаяқ ұстатты. Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Сүлеймен Демирел қазығын қаққан Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік уни­верситеті замануи зау-заңғар, шаңқан шаңыраққа айналады деп ойлаймыз. Түркі әлемінің жастарына шын мәніндегі сапалы да терең білім беретін және нағыз ғылыми, мәдени-рухани орталық етпектің ерекше жолдары қарастырылып, нақтылы жұмыстар атқарылады деп сенеміз. Адамзаттың, оның ішінде түркінің ұлы ұстаздары, дара даналары Әбу Насыр әл-Фараби мен Ахмет Ясауидің, басқа да ірі-ірі, ізгі тұлғалардың мұраларын болашақпен байланыстыра, жан-жақты зерттеудің де үйлесімді, үлгілі үйі осы университет болса дейміз. Жалпы ХҚТУ мен жаңадан салынатын Ясауи музейі түркітану, түркі әлемінің тарихы, тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен өнері, түркі халықтарының салт-дәстүрлері жөніндегі барлық ортақ құндылықтарды жинақтап, жүйелейтін және жан-жақты дамыту бағдарларын айқындайтын айрықша айдынға айнала алады. Сайып келгенде, текті тө­рі­міз Түркістандағы Әзірет Сұлтан­дайын әулиелер әулиесінің есі­мін еншілеген университет таза тағ­лымды, мөлдір мақсатты, өзге­лерден өзгеше өнегелі, түркінің төрқұты тұғырына қонса, қанеки.

11 Comments on "Текті төріміз Түркістанды түлетейік!"

  1. I have to express some appreciation to you for bailing me out of such a scenario. Just after looking out through the internet and obtaining views which were not pleasant, I was thinking my life was gone. Living without the presence of approaches to the problems you have solved all through this blog post is a serious case, and the ones which may have adversely damaged my career if I had not come across your blog. Your main talents and kindness in controlling all areas was crucial. I’m not sure what I would’ve done if I hadn’t come across such a solution like this. It’s possible to now look ahead to my future. Thanks for your time so much for the reliable and result oriented help. I will not think twice to endorse your site to anyone who should have support on this topic.
    longchamp [url=http://www.long-champ.us.com]longchamp[/url]

  2. I am glad for writing to make you know what a terrific experience our child gained reading through your web page. She figured out a good number of issues, not to mention what it is like to have an incredible giving heart to get most people without problems comprehend several grueling topics. You undoubtedly surpassed her expected results. I appreciate you for producing those beneficial, trustworthy, edifying as well as unique thoughts on your topic to Tanya.
    moncler

  3. I have to voice my affection for your kind-heartedness for all those that absolutely need guidance on in this concern. Your very own dedication to passing the message all through appeared to be amazingly functional and have really encouraged workers much like me to get to their desired goals. The important help implies much to me and somewhat more to my colleagues. With thanks; from everyone of us.
    adidas yeezy boost

  4. I and also my pals happened to be digesting the best strategies found on the website and suddenly got an awful feeling I never thanked the website owner for them. My guys were definitely consequently excited to learn all of them and have now simply been taking pleasure in them. Thanks for turning out to be simply helpful as well as for picking out these kinds of good issues most people are really desperate to know about. My honest regret for not saying thanks to earlier.
    air max 2017

  5. I intended to draft you this little note in order to say thanks a lot yet again with your gorgeous secrets you’ve featured here. It’s quite unbelievably generous of you giving unreservedly what exactly a lot of folks would’ve supplied for an e book in making some bucks for their own end, and in particular seeing that you might have tried it in case you desired. Those points in addition acted to become a great way to be sure that most people have the identical fervor just as mine to figure out a great deal more in respect of this condition. I am certain there are numerous more fun periods in the future for many who see your website.
    kobe 9

  6. I precisely desired to say thanks again. I am not sure what I would’ve handled without the actual concepts shared by you regarding such field. It had become a frightening case in my view, nevertheless looking at the skilled style you managed it made me to weep over gladness. I’m just happier for your guidance and trust you know what a powerful job your are accomplishing instructing people today thru your web site. I am sure you’ve never encountered all of us.
    longchamp handbags

  7. I want to show my thanks to this writer just for rescuing me from this particular setting. As a result of looking throughout the the web and obtaining tricks that were not productive, I assumed my entire life was done. Living without the presence of solutions to the difficulties you’ve fixed as a result of your report is a crucial case, as well as ones that could have negatively damaged my career if I hadn’t noticed your web site. Your good understanding and kindness in controlling almost everything was crucial. I am not sure what I would have done if I hadn’t come upon such a stuff like this. I can also at this moment look forward to my future. Thanks for your time very much for your reliable and amazing help. I will not think twice to suggest your blog post to any person who should receive direction about this subject.
    lebron 10

  8. I precisely had to say thanks again. I do not know what I could possibly have followed without these ways documented by you directly on such a industry. Entirely was the hard case in my opinion, but taking note of a skilled strategy you managed it forced me to jump for happiness. I will be happier for this support as well as hope you know what a powerful job you are getting into training others through the use of your web blog. Most probably you’ve never met all of us.
    goyard tote

  9. I needed to create you that little bit of word to finally say thank you as before just for the exceptional concepts you have shown on this page. It’s quite shockingly open-handed with people like you to provide publicly all a number of people would have sold as an e book to earn some money for their own end, especially given that you might well have done it in case you desired. These guidelines in addition acted like the fantastic way to understand that other people have a similar keenness really like mine to know the truth a little more when it comes to this matter. I know there are thousands of more pleasurable occasions ahead for those who start reading your blog.
    adidas ultra boost 3.0

  10. I have to convey my gratitude for your kindness in support of people who absolutely need help on this one idea. Your special commitment to getting the solution up and down appeared to be certainly advantageous and have all the time encouraged most people just like me to arrive at their goals. Your entire warm and helpful guide means a great deal to me and especially to my office colleagues. Thanks a lot; from each one of us.
    nike cortez men

  11. Needed to put you this little remark so as to thank you again for those beautiful solutions you have provided on this website. It is simply seriously generous of you in giving publicly precisely what a lot of folks would have advertised as an e-book to make some dough for their own end, most importantly since you could have done it if you considered necessary. These advice additionally worked to be the fantastic way to fully grasp many people have similar dreams like my own to find out significantly more with reference to this condition. I am certain there are millions of more pleasant situations ahead for individuals that scan through your website.
    adidas nmd r1

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.