ТУРИСТІК ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

596 рет оқылды, 5 пікір жазылды, 14 09 2018 16:29

Жыл санап мектеп туризмін дамыту заманның көкейтесті мәселесі болып келеді. Саяхат, жорық, өлкетанудағы зерттеу жұмыстары тарих, география, биология т.б. оқытудағы білім – тәрбие берудің бірден-бір жолы деуге болады.Туристік өлкетану жұмыстары оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбектер жасауға, табиғатты сүюге, жергілікті жердің табиғатын қорғауға тәрбиелейді, денсаулығын шынықтыруға көмектеседі. Мектепте ұйымдастырылатын туристік өлкетану жұмыстары түрлі пәндер бойынша экспедицияға қатысып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға үйретеді.Туристік өлкетану жұмыстары сонымен қатар оқушыны көпшілдікке, іскерлікке, шеберлікке, байқампаздыққа, төзімділікке үйретеді.

Туристік өлке тану жұмыстарының көп қырлылығы мұғалімнен терең білімді болып, жорықтарды дұрыс ұйымдастыруды, жақсы жүргізе білуді талап етеді. Мектептегі туристік өлкетану жұмыстарын білу болашақ мұғалімдердің мектепте және жергілікті жерде туристік өлкетану жұмыстарының жақсы ұйымдастырушысы болуы үшін қажет.

Қазіргі кезде мектеп оқушыларына мектептегі туристік өлкетану жұмыстары факультатив пәні ретінде оқытылады. Жалпыға білім беретін орта мектепте және мектептен тыс ұжымдардағы туризм мектеп алдына қойылатын мақсаттармен ұштаса дамиды. Себебі ол оқушылардың саяси көзқарасын, еңбек, адамгершілік сияқты т.б. тәрбие түрлерін дұрыс қалыптастыруға ықпал жасайды. Жас өлке  зерттеушілер өз өлкесінің табиғаты мен тарихын, даму ерекшеліктерін оқып үйрену мақсатымен физ.- географиялық, геологиялық, археологиялық, этнографиялық, ботаникалық, зоологиялық, фенологиялық және т.б. бақылаулар жүргізеді[1].

Мектеп оқушыларына дұрыс тәрбие беруде оқу-тәрбие жұмысының басты бөлігі бола отырып, өлке тану материалдары жас жеткіншектердің білім алуына, ғылым негіздерін тиянақты меңгерулеріне жағдай жасайды. Белгілі  жүйеде ұйымдастырылған өлке тану жұмысына қамтылған оқушыларда өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдылары мен дүниеге дұрыс көзқарастар қалыптаса түсетін болады. Оқушылардың өз өлкесінде шаруашылық, мәдени, тарихи объектілермен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізуі олардың келешекте  мамандық таңдауына да белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді.

Жергілікті жердің фабрика, зауыттарына, электр станциясына, ауыл шаруашылық тәжірибе станцияларына жорық жасаудың политехникалық білім берудегі мәні зор. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған қазіргі кезеңінде жан-жақты біліммен қаруланған оқушылардың қоршаған орта, туған өлкенің табиғатын өз көздерімен көріп, оның шежіресін өз қолдарымен жазу, оның қиыншылықтарын ұжым болып жеңе білу жұмыстары үлкен қуаныш әкеледі. Туристік жорықтарда қалыптасқан дағдылар оқушылар бойында бірте-бірте дами бастайды.

Өз елін жан- тәнімен сүйіп, оны қай уақытта болса да қорғауға әзір болу үшін де оның территориясын, табиғатын, байлығын, қалалары мен ауылдарын жақсы білуі керек. Мектептегі өлке тану жұмысының түрлері де жан-жақты өркендеуде. Мәселен, оған фенологиялық, метеорологиялық бақылаулар жүргізу, туған ауылдың, ауданның,  кәсіпорынның тарихын зерттеу, этнографиялық, фольклорлық материалдарын жинастыру, өсімдік, жануарлар дүниесі мен пайдалы қазбаларын оқып үйрену, зерттеу, өлке тану мұражайларын ұйымдастыру т.б. көптеген жұмыстар жатады.

Сабақ барысында ғылым негіздерін оқыту кезінде мұғалімдер өлкетану материалдарын жергілікті жерден, өндірістік және қоғамдық практикадан таңдап алып, оларды бағдарлама материалына сай ғылыми тұрғыдан түсіндіріп береді. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектептен бастайды.Өз өлкесі жөніндегі білім дүниетану пәндері арқылы қалыптастырылып, география пәндерін оқытуда туған жердің планын түсіріп, рельефін, климатын, өзендері мен көлдерін картаға түсіріп,өсімдігі мен жануарлар дүниесіне, халқына сипаттама  бере отырып жалғастырылады. Жоғарғы сынып оқушылары  өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы жол қатынасы туралы кең ұғымдарға ие болады.Өлкетану жұмысымен әр түрлі пән мұғалімдері, өнер адамдары, табиғат зерттеушілер, тағы басқа көптеген мамандық иелері айналысады. Бұл күндері өлкетану жұмысымен айналысатын адамдар санының барынша өсіп келе жатқандығын  өлетануды мемлекеттік, мектептік, қоғамдық деп бөлуден көруге болады.

Мемлекеттік өлкетану жұмысымен ғылыми-зерттеу мекемелері,өлкетану мұражайлары айналасатын болса, мектептегі өлкетануда туған өлкені зерттеп білу мұғалімнің басшылығымен оқушылар арқылы жүргізіледі .Халықтың өз бетінше, кәсіподақ ұйымдары, клубтар арқылы туристік жолмен өлкені зерттеуі  қоғамдық өлкетануға жатады[2].

Оқу өлкетануының соңғы кезде жиі қолданылып келе жатқан түрінің бірі-табиғатқа және жергілікті өндіріс орындарына жасалатын экскурсиялар. Сондай-ақ мектеп оқушыларының көп қатысатын өлкетану жұмыстарының бірі-туған өлке бойынша жасалатын оқушылардың туристік жорықтары.Сол сияқты өлкетану кешін өткізу, көрмесін, викторина, олимпиадаларын өткізу сияқты басқа да түрлері қалыптасуда.

Сыныптан тыс өлкетану жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі-өлкетану үйірмесі. Бұл жұмыстың ерекшелігі-үйірме мүшелері аймақты зерттеген кезде экскурсияға да, жорыққа да шығуы мүмкін.

Туристік секция жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорынның, мекеменің, оқу орнының туристік секциясы еңбекшілер мен оқушы жастарды өз күштерімен жасақтаған туризм сабақтарына кеңінен қатысуы жөнінде жүйелі жұмыс жүргізеді[4].

-дене тәрбиесі ұжымында өз күштерімен жасақтаған туризмді насихаттауды, үздік әуесқойлық фильм, фотосурет, туристік өлең, туристік қолдан жасалғандар, әңгіме;

-сондай-ақ туристік кештер, ауызша, лекциялық және басқа көпшілік шараларды ұйымдастырады;

-кәсіпорында, мекемеде, оқу орнында өз күшімен жасақталған туризмді жоспарлау және дамуы жөніндегі есебін жүргізеді;

-туристермен оқу-жаттығу жұмыстарын, туризмнің түрлерінен жарыс, туған өлкеге жорықтар және көпкүндік саяхат, экскурсия, жол жүрулер, шаңғы серуені,т.б. ұйымдастырады;

-туристік қоғамдық мамандарды әзірлеу және қайта даярлауды жүзеге асырады;

-сәйкесті спорттық туризм федерациясы МБК анықтаған құқық шеңберінде туристік жорықтар мен саяхаттар ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат береді;

-«Қазақстан Республикасы аймағында туристік спорттық жорықтар өткізу ережесіне» түсінік беру жұмыстарын жүргізеді;

-туристік жорықтарды өткізеді және туристерді қоршаған ортаны, тарихи, мәдени ескірткіштерді қорғауға белсене қатысуға тартады, маршрутта туристердің қоғамдық пайдалы  жұмысын ұйымдастырады;

-кәсіпорын, оқу орындары туристік-спорттық сауықтыру лагері мен демалыс зоналары жұмысына белсене қатысады.

«Қазақстан Республикасы аймағында туристік- спорттық жорықтар өткізу ережесі»:

-жорық өткізетін ұйым топ жетекшісінің, оның құрамын бекітеді, топтың жорыққа әзірлігін бақылайды, оны қажетті жабдықтармен жабдықтайды;

-топтағы қатысушылардың физикалық, техникалық және теориялық әзірліктері үшін жағдай жасайды;

-дене жарақаттарының алдын-алу мәселелері төңірегінде мамандардың кеңесін және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек, сондай-ақ топ қатысушыларын медициналық байқаудан өткізуді ұйымдастырады;

-қажет жағдайда маршрутты өзгерту, топ құрамын өзгерту жөнінде маршруттық мамандыққа баға беретін комиссиямен келіседі.

5 Comments on "ТУРИСТІК ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ"

  1. Kamagra Ajanta Cialis Generika Gunstig Kaufen Clomid Hyperstimulation cialis Diovan For Sale Mexico Amoxicillin For Sale Canada Viagra Pricelist

  2. Saved as a favorite, I love your blog!

    https://is.gd/sh4Xa0

  3. Remboursement Viagra Belgique Levitra Women Effects levitra generique medicament Real Pfiefer Viagra Up Levitra Super Viagra Plus

  4. Propecia Fertilidad Avelox Vs Amoxicillin viagra online Levitra 5mg Tablets Cialis Nouveau Paroxetina E Alcool

  5. I appreciate you sharing this article post.Much thanks again. Really Cool.

    https://genesismining.knoji.com/promo-codes/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.