Өлкетану жұмыстарының казіргі жай -күйі

101 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 14 09 2018 16:18

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ісін жақсарту үшін, оның ішінде олардың жекелеген түрлерін құқықтық қорғаудың ең оқтайлы құралдарын қарастыруға мүмкіндік беретін ғылыми жіктеудің маңызы өте үлкен. Бұл жіктеу 1992 жыл 2-ші шілдедегі « Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану» (5.10.1995 жылы өзгертілген) тарих, археология, қала құрылысы, өнер ескерткіштері және құжатты ескерткіштер тізімімен Қазақстан Республикасы заңының 6-шы бабында бекітілген.

Келтірілген жіктеу тарих және мәдениет ескерткіштері болып танылатын тәртіпке келтірілген үлгі тізімі болып табылады. Бұл тізім аяқталмаған бағдар сипатында болады, әрі іс жүзінде қалыптасқан ескерткіштерді мемлекеттік есепке алудың формасын көрсетеді.

ҚР 1992 жыл 6-шы шілдедегі заңының 6-шы бабынан тікелей шығатын ескерткіштерді жылжитын және жылжымайтынға бөлу үлкен теориялық әрі практикалық қызығушылық тудырады. Бұндай бөлудің теориялық маңызы ескерткіштерді қорғау шеңберінен асып түседі, себебі мүліктердің жылжитын және жылжымайтын ретінде бөлудің жалпы өркениетті мәселесін қорғайды.

Белгілі болғандай, заттарды жылжитын және жылжымайтындарға бөлу қазіргі заманда көптеген құқықтық жүйелерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасы өз тарихында сонау Рим құқынан бастау алады және азаматтық құқық объектілерінің табиғи өзінділіктеріне негізделген. Жылжымайтын заттар тұрақты бір жерде болады, олардың әрқашан өзіне тән белгілері және алмастыру мүмкін емес. Дәстүрлі жылжымайтындарға ( жылжымайтын мүлік ) жер, жер учаскілері, қазба орындары, жекелеген су объектілері және әдеттегідей одан ажыратуға болмайтын заттар, яғни жылжытқан кезде өз арнауына нұқсан келетін объектілер, соның ішінде құрылым , құрылыстар, көп жылғы ағаштар, орман тағы да басқа қалған басқа заттардың барлығы жалпы ереже бойынша жылжымалы болып есептелінеді, яғни басқа жерге ауыстырғанда өз шаруашылық арналуына нұқсан келмейді, әрі бүлінген жағдайда басқасына ауыстыруға болады.

Заттарды қаралып отырған бөлу тиімділігі тарих және мәдениет ескерткіштерін бөлінуінен айқын көрініп отыр. Жылжымайтын ескерткіштерге  ғимараттар, құрылыстар немесе басқа да объектілер ансамбльдер мен комплекстер, бау-саябақ өнері, шығармашылығы, тарихи некрополдер, тарихи территориялар мен орындар және бірқатар басқа да объектілер әдеттегідей айнала қоршаған ортамен көптеген жағдайда олардың тарихи, ғылыми және көркемдік құндылығы анықталады. Бұндай ерекшелік бұл ескерткіштерді қорғау мен пайдаланудың спецификалық талабын белгілейді.

Олардың ең бастысы-ескерткіштер орналасқан территорияларды және солармен байланысты құрылыстар мен басқа да объектілерді тұтас бірегей ретінде сақтау, ескерткіштер қорғалатын айлағын бекіту, құрылыс салуды реттеу айлағы, ландшафты қорғау, ең құнды ансамбльдер мен комплекстер ескеркіштерін тарихи-мәдени қорықтар ретінде жариялау есебінен қамтамасыз етіледі.

Ал енді жылжитын еакерткіштерге келер болсақ, олардың тарихи, ғылыми басқа да мәдени маңызы ең алдымен олардың өзіне байланысты, әдеттегідей олардың құндылығына ,зиян келтірместен кеңістікке еркін орналастыруға болады. Соған сәйкес оларды есепке алу, қорғау және пайдалану ережесі де өзгеше.

Тарих және мәдениет ескерткіштері өз дәрежелері бойынша әлемдік, ұлттық және жергілікті маңызды ескерткіштер болып бөлінеді. Әлемдік маңызы бар ескерткіштер адамзат қоғамының дамуы мен қалыптасуының куәсі ретінде әмбебап сипатта немесе әлемдік мәдениеттің ғажайып туындысы ретінде болады. Бірегей халықаралық қорғау тәртібінде « Адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі болып табылатын ескерткіштердің шектеулі санын » жасау қажеттілігін ЮНЕСКО 1966 жылы-ақ мойындаған. Нәтижесінде 1972 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясы ұлттық жоспарда мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөнінде ұсыныс және бүкіләлемдік мәдениет және табиғи мұраны қорғау жөнінде Конвенция қабылдады.

Көрсетілген құжаттар негізінде көрнекті мәдени құндылықтарды қорғау – бүкіл адамзаттық ісі деген идея жатыр. Соның ішінде конвенцияның жетекші органы 1972 жылы бүкіл әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау бойынша комитет- мүше елдердің ұсыныстарын қарап әрі ең ғажайып белгілі межелерге сәйкес келетін мәдени және табиғи құндылықтарын бүкіл әлемдік мұралар тізіміне ендіреді. Қазақстан 1974 жылдан сол конвенцияға қатысушы болғандықтан, ондағы ереже ескерткіштерді қорғаудың отандық теориясы мен практикасында ескертілуі қажет.

ҚР 1992 жыл 2-ші шілдедегі заңының 2-ші бабына сәйкес « Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану», « Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды тиімді ұйымдастыру және есепке алу мақсатына орай ескерткіштер халықаралық, республикалық және жергілікті маңызды болып бөлінеді ».

Республикалық маңызды ескерткіштерге сол елді мекендердің халықтың тарихы мен мәдениетін тануға өлшеусіз маңызы бар ескерткіштер жатады. Жергілікті маңызы барларға тарихи және мәдени құндылығы бар ескерткіштер жатады. Олардың ғылыми, көркемдік басқа да маңыздылығы сәйкес аймақтық сол жерді мекендейтін халықтар көмегімен шектеледі.

Республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштер тізімін ҚР-сы тарих және мәдени ескрткіштерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың ұсынысымен ҚР-ның үкіметі бекітеді. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін ҚР-сы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік органдарымен келісіп, ескерткіштерді қорғау бойынша мемлекеттік территориялық және қоғамдық органдардың ұсынысымен жергілікті билік органдары бекітеді.

Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен объектілерді шығарып тастау тек ҚР-сы Үкіметінің шешімі арқылы ғана іске асырылады ( 27 бап ).

Ескерткіштер мүлік ретінде құқықтық қатынастар меншігі объектісі түрінде болады. Олар нақты кімге жататындығына орай мемлекеттік, ұжымдық және жекеменшік болып келеді. Ескерткіштердің басым бөлігі мемлекет меншігінде ҚР « Тарихи және мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы » заңына сәйкес ҚР-сы территориясындағы басқа субъектілердің меншігі болып табылмайтын тарих және мәдениеттің барлық ескерткіштері, заң бекіткен ережеге сәйкес ескерткіштері болып танылған тарихи-мәдени жер бедерлері тек Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Қазақстан Республикасы қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрайтын, тарихи-мәдени құндылығы бар болғандықтан олардың меншік иелерімен келісім арқылы тарих және мәдениет ескерткіштерін меншіктенуге құқысы бар ( 11 бап ).

Ескерткіштерді сақтауға өте маңызды роль атқаратын оларды пайдалануды дұрыс ұйымдастыру. Қазіргі жағдайда  ескерткіштерді пайдалану мүмкіндіктеріне байланысты  олар жекелеген топтарға бөлінеді. Бірінші кезекте көрсетілген арналуы – көп функционалды жылжымайтын ескерткіштерге қатысты. Ал енді жылжымалы объектілерге келетін болсақ,  олардың көпшілігін пайдалану мүмкіндігі олардың тұтастай арналуымен байланысты ( өнер ескерткіштері, қолжазбалар, коллекциялар т.б. ) немесе тарихи -мәдени лайықтылығына байланысты ( көне қарулар, сирек музыкалық аспаптар, көне ғылыми приборлар және т.б. ).

Тарих және мәдениет ескерткіштерін кейде хрусталь құмырамен, ал кейде  гүлмен салыстырады. Екеуі де мұқият қарауды қажет етеді.

Сонымен прогрестивті азамат, байқаусызда түсіп кеткен шашақтарына дейін  мұқият жинап , бар мүмкіндікпен бұл гүлді қорғаштауға ұмтылады. Мемлекет ұзақ жылдар бойына мәдени құндылықтарды қорғау бойынша заңдылық актілер шығара отырып, жазба және материалды мәдениет ескерткіштердің мол қоры бар мұражай, кітапханалар, архивтер, қорық мұражайлар құрды.

Тарихи-мәдени құндылықтарды ескерткіштер ретінде тану, үкімет қаулысымен бекітілетін тарих және мәдениет  ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізіледі. Барлық тарих және мәдениет ескерткіштері кімнің меншігіне жатысына қарамастан, мемлекеттік есепке алынуы тиіс. ҚР және республика үкіметінің тізіміне ендіріліп, бекітілген ескерткіштер мемлекет қорғауында болады. Оларды дұрыс қолданбау, бүлдіру және қиратуда лауазым иелері мен азаматтар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Ұлттық мәдени мұраларды қорғау маңыздылығына түсіністіктің артуы тарихи мұраларды сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету және заңдылық базасын жетілдіруді қажет етеді.

Қазіргі күні Қазақстан территориясында қалған 30 мыңға жуық тарихи және мәдениет ескерткіштері жыл сайын шетінен құрылыс және басқа да себептермен бүлініп, жойылуда.

Бүгінгі күні мұраларды көбейту бойынша ұлттық стратегияны жаңартусыз және оны қоғам дамуының бағдарламасымен үйлестірмей, сауатты менеджментсіз, басты түйіні біздің мұражайлар, мавзолейлер, архитектуралық, тарихи және табиғи қорықтар болып табылатын туризм инфрақұрылымын әлемдік стандарттар деңгейіне көтере алмаймыз.

Елбасшысы Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы халыққа дәстүрлі Жолдауында асыл мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту мәселелеріне мән беріп, үкіметке « Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасын жасауды тапсырған болатын. Ал, қараша айында Астанада ҚР ұлттық кеңесінің үшінші мәжілісінде Президенттің қатысуымен бағдарламаның жобасы талқыланды. Бұл тарихи және мәдени ескрткіштерді жаңғырту жұмысындағы жүрекке қуаныш ұялатқан игілікті іс Оңтүстік өлкемізде, облыс бойынша 800-ден аса тарихи және мәдени ескерткіштер болса, әлі де толық зерттелмей жатқан мұралар көптеп саналады.

Қорытындылай айтқанда, өзіндік сыры мол тарихи қарашығындай сақтау әр адамның парызы.

Ортағасырлық дәуірде сауданың, қолөнердің өркендеп дамуы, көшпелілердің отырықшылыққа ден қоя бастауы қалалардың, құрылыс ісінің қанат жаюына ықпал етті. VІІІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің кең таралуына байланысты мұсылмандық мәдениет қалыптасып, қалаларда мұсылман дініне негізделген архитектуралық ескерткіштер бой көтере бастады.

ІХ-Х ғасырларда Отырарда туған ұлы философ, Абу Насыр Әл-Фарабидің математикалық еңбектерінде көрсетілген архитектуралық формаларды салудың геометриялық әдістері Шығыс еліндегі құрылыс өнерінің негізін қалады.

Қазақстан аумағында орта ғасырлық мұсылмандық сәулет ескерткіштері көптеп саналады. Олардың көрсетілген тамаша құрылыс ескерткіштері-халықтық аса бай өнегелі өнері болып табылады. Ертедегі дәуірдің маңызды тарихи құбылыстардың куәгері сияқты мұндай ескерткіштер ғылыми, тарихи көзқарасты қалыптастырады. Мешіт, ғибадатхана, кесене ғимараттарында халық шеберлерінің көпғасырлық қолтаңба тәжірибелері, сонымен бірге елдің жақсылыққа деген ойлы өрнегі бар.

ҮІ ХІІІ ғасырлар аралығында қалалардың көбейе түсуі қала құрылыстары мен сәулет өнерінің дами түсуіне өз ықпалын тигізді. Шеберлер жаңа конструкцияларын, формаларын енгізіп, декоративті өрнек түрлерін салды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде бұл дәстүр ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келді. Орта дәуірдегі  ХІІ-ХҮ ғасырлар аралығында салынған түрлі ғимараттардың осы кезге дейін жеткендері өте аз. Олардың бұзылуы , қайта раставрация жүргізуші жөнделуі ескерткіштердің бастапқы уақыттағы өзінің түр-сипатының көп өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырды. Дегенмен, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда салынған ескерткіштердің азда болса сақталған бөлігінің өзі-ақ жоғары шеберлікті көрсетеді.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ХІҮ ғасырдың аяғы ХҮ ғасырдың басындағы сирек кездесетін бірден-бір архитектуралық ескерткіш. Кесене 1389-1397 жылдар аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Өзіндік орны бар бірнеше бөлмеден тұратын көлемі жағынан үлкен де сәулетті мемориалдық комплекс болып табылады. Кесене ғимараты портальді күмбезді құрылыс түріне жатады, ішкі және сыртқы формалары өз кезеңіне сай дәстүрлі өрнек түрлерімен безендірілген. Халық зиярат ететін орын, сонымен бірге еліміз мақтаныш тұтатын сәулет өнерінің үлкен жетістігі.

Сайрам ауданындағы Қарашаш ана мавзолей ХІХ ғасырда салынған. Жалпы көлемі 7х6,5 м, биіктігі 9,3 м. Аңыз бойынша ХІІ ғасырда Қожа Ахмет Яссауидің анасы Қарашаш ана бейітінің үстіне салынған, кейінгі уақытта қайта жөнделген. Республика деңгейдегі архитектуралық ескерткіш.

Ибрагим ата кесенесі ХІХ ғасырда қайта жөнделіп салынған жалпы көлемі 7х7 м, биіктігі 8,25 метр болатын республикалық деңгейдегі архитектуралық ескерткіш. Кесене кең таралған күмбезді үлгіде тұрғызылған.

Ежелгі Отырар қаласына (қараған орнына) жақын жердегі архитектуралық ескерткіштің бірі ХІ ғасырда өмір сүрген (делінетін) Арыстан баб бейітінің үстіне салынған жалпы көлемі 30х13 метр болатын Арыстан баб кесенесі. Аңыз бойынша бұл бабамыз Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған. Ескерткіштің бұзылуына байланысты бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген мемлекеттік қорғауға алынған республикалық деңгейдегі сәулет ескерткіші.

2 Comments on "Өлкетану жұмыстарының казіргі жай -күйі"

  1. I have to convey my gratitude for your kind-heartedness supporting those who absolutely need assistance with this one subject. Your real dedication to getting the message up and down had become rather informative and has continually empowered regular people much like me to reach their pursuits. Your personal warm and friendly guideline means much to me and further more to my office workers. Warm regards; from all of us.
    kyrie 3 [url=http://www.kyrie3.us.com]kyrie 3[/url]

  2. Thanks so much for giving everyone a very memorable possiblity to read critical reviews from this blog. It is usually very nice plus packed with a lot of fun for me personally and my office peers to visit your site no less than 3 times in one week to read through the fresh guidance you will have. And of course, I’m also certainly fascinated with your striking knowledge you serve. Selected 3 tips in this posting are definitely the most effective I’ve ever had.
    off white

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.