Рухани жаңғыру басы — тәрбие мен оқыту.

80 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 15 09 2018 14:52

Білім саласындағы ең нәтижелі бастамалардың бірі – жаңа мазмұндағы оқыту үрдісі. Созақ ауданында тың тәжірибені тереңдету бойынша семинар болып өтті. Оған мектепке дейінгі мекеме басшылары мен әдіскерлері, тәрбиелеушілері қатысты. Мақсат – бала дамуына түрлі әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдана отырып, оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды қалыптастыру

Аймақтық семинардың өтуіне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облысымыздағы өкілдігі бастамашы болды. Жиынға  аудандағы «Ертөстік», «Таукент гүлдері», «Созақ», «Балауса», «Айшуақ» сынды  бірнеше балабақшаның өкілдері келді.

Ақерке Бабажанова – Созақ аудандық білім бөлімінің әдіскері

Бүгін біздің ауданымызда 5 балабақшада облыстық семинар ұйымдастырылды. Бұл семинарға 8 ауданнан 95 педагог кадрлар қатысып отыр. Алдағы уақытта республикалық семинар өткізсек деген жоспарымыз бар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері балалардың тілін дамытып, сауатын ашуға, қоршаған орта жайлы танымын арттыруға бағытталды. Халық ауыз әдебиетінен де тамаша көріністер қойылды.

Гүлбану Өміртаева – «Балауса» балабақшасының меңгерушісі

Біз үш оқу әрекетін ұйымдастырып отырмыз. Мұнда сахналау, мимотехнология, Монтессори сынды  жаңа технологияларды пайдаланып, келген қонақтарға ұсынып отырмыз….

Шырын Пернебай – Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері

Барлық сала бойынша барлық топтардағы  жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылған жұмысты мен өте жоспарлы деп бағалаймын. Менің байқағаным — ол қол еңбегі. Балабақшада жұмыс жасау үшін әрбәр маман өнерлі болу керек. Ол сурет салып, ән айта білу керек. Оя білу керек, қия білу керек. Білім мен бәсекелестік өте жақсы ұйымдастырылған…

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру – заман талабы. Ал, игі іске ұйытқы болған «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  әрбір маманға кәсіби бағыт-бағдар беріп, білімін, білігін көтеруге қашанда ынталы.

1 Comment on "Рухани жаңғыру басы — тәрбие мен оқыту."

  1. 92pPL9 Nice Page , guys! Rewarding Infos aswell. Bookmarked

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.