Рухани жаңғыру мектептен бастау алады

11 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 15 09 2018 15:32

Шымкент қаласындағы Ж. Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектепте «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты тақырыпта семинар өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараға ғалымдар, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Семинарда филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек тарихи тамыры терең тілімізді түлету мақсатында жасалынып жатқан шаралар жайлы баяндама жасап, бүгінде латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды.

Семинарда өңіріміздегі киелі орындарды насихаттау мақсатында «Қазақстанның киелі орындары» атты тақырыпта ашық сабақтар өткізілді. Оқушылар өлкеміздегі киелі мекендер, өзен, бұлақтар жайлы мағлұматтар алып, олардың шығу тарихымен танысты.

Биылдан бастап мектептерде жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде өткізу қолға алынған болатын. Осы бағытта жасалынып жатқан жұмыстардың бірқатары «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынында көрініс тапты. Білімге құштар өрендер өздерінің шет тілдерін еркін меңгергендігін көрсетті.

Сонымен қатар, шара барысында «Ұлттық рухымыз – салауатты өмірде» атты тақырыпта оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын ашық сабақтар да ұйымдастырылып, «Отбасы – бақыт мекені» атты тренинг өткізілді.

Be the first to comment on "Рухани жаңғыру мектептен бастау алады"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.