Түркістан Облысында «100 жаңа есім» жобасына енген азаматтармен кездесу өтті

93 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 16 09 2018 16:36

Отырар ауданы әкімдігі ұйымдастырған  жиынға 600-ге жуық аудан жастары мен тұрғындары қатысып, жылы жүздесуге айрықша ықыластарын білдірді.

Отырар аудандық  мәдениет сарайында өткен шарада «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген оңтүстікқазақстандық ел мақтаныштары арнайы қызыл кілеммен жүріп өтіп,  қылқалам шебері Ә.Мәліктің сурет көрмесін тамашалады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Отырар ауданы әкімдігі ұйымдастырған  жиынға 600-ге жуық аудан жастары мен тұрғындары қатысып, жылы жүздесуге айрықша ықыластарын білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген, жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына  Түркістан облысынан енген азаматтар ішінде Отырар елін спорт аренасында республика мен қатар  алыс-жақын шет елдерге танытып жүрген, қазіргі таңда самбодан Азия және Еуропа чемпионы Құралбай Орынбасар мен елімізге аты белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков,  қазақтың ұлттық зияткерлік спортының жарық жұлдызы, тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы Әсел Далиева, жеке кәсіпкер «Қайып ата» ЖШС директоры Ертаев Сырым Махамбетұлы қатысты.

«Ел ертеңіне нық қадам, бірегей мақсатқа бағыттайтын тұғыры биік бастама көптеген ілкімді істерге жол ашты. Соның бірі, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы болса, ел таңдауымен құрмет биігіне көтерілген халық ардақтыларының мақсаты мен еңбегі, жеткен жетістігі мен адалдық, абырой биігіндегі қадір-қасиеті әрбір жастың санасында мықтап түйілуі тиіс. Оларды құрмет тұта отырып, ізгі жолынан тәлім-тәрбие ала білуі керек» — деді аудан әкімі Айтаханов.

Кештің мақсаты — Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан оңтүстікқазақстандықтарды көпшілікке таныту болды.

Жиын қайта жаңғырған «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен  «Кейкі батыр» фильмінің түсірілім алаңын  таныстыруға ұласты.

Be the first to comment on "Түркістан Облысында «100 жаңа есім» жобасына енген азаматтармен кездесу өтті"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.