Түркістан Облысында Ордабасы тауын туризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізілуде

3 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 19 09 2018 15:33

Түркістан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірліктің бастауы болған Ордабасыдағы тариxи қорықты туризм орталығына айналдыру жұмыстары басталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған аталған жобаның жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысып қайтты.

Аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған жоба аясында келушілер үшін жаяу жүргіншілер және автомобиль жолдары мен жобаның екінші кезеңінде этноқалашық, музей, амфитеатр салу жоспарлануда. Осылайша тарихи аймақ жаңғыртыла отырып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандырылған орынға айналмақ.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған тарихта түрлі рөл атқарған қасиетті орындарды қолға алып, оны дамыту арқылы келешек ұрпақтың бойына сіңіру және соның аясында отандық туризмді де дамыту қажет. Ал Ордабасы тауы — халық келіп демалатын орын болуы керек. Сондықтан да мұндағы әрбір жұмысқа назар салып, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырамын»,-деді облыс әкімі.

Айта кетейік, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, жалпы қорық аумағында жоспарланған жобалау жұмыстары 85,9 гектарды қамтиды. Оның ішінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ұзындығы 2415,4 метрді, ал автомобиль жолының ұзындығы 3129,5 метрді құрайтын болады.

Be the first to comment on "Түркістан Облысында Ордабасы тауын туризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізілуде"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.