Елбасы: Түркістан тарихы – барша қазақтың тарихы

14 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 29 09 2018 10:51
Қазақстан Президенті облыс жұртшылығымен және Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесті.
Елбасы: Түркістан тарихы – барша қазақтың тарихы

«Түркістанның халқымыз үшін айрықша маңызы бар. Бұл – Орталық Азиядағы ежелгі қалалардың бірі. 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өттік», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азия аумағына ислам дінін тарату үдерісіндегі Түркістанның рөлі жөнінде әңгімеледі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қасиетті Түркістан топырағында қазақ халқының ұлы тұлғалары мен игі жақсылары жерленгенін айтты.

«Тарихымыздың қилы кезеңдерінде мұнда бүкіл ұлтымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданған. Түркістанда халқымыздың көптеген белгілі тұлғалары жерленген. Жалпы, қала тарихы – барша қазақтың тарихы», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанның күллі түркі халықтарының өмірінде де ерекше орын алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы қабылданған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде қала келбеті тез арада айтарлықтай өзгеретініне, шаһар өзінің өркендеу жолындағы жаңа биіктерді бағындыратынына сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды түлетуге атсалысатын барлық тұрғындарға табыс тіледі.

Be the first to comment on "Елбасы: Түркістан тарихы – барша қазақтың тарихы"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.