ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

29 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 02 10 2018 17:15

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Келес ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барасында ауданның тыныс — тіршілігімен танысып, Қошқар ата ауылдық округіндегі «Өктемхан» шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстарға да қанықты. Мұнда жылына 120 тонна көкөніс өнімдерін шығарылады. Жалпы жер көлемі 6 гектар болса, оның 0,65 гектарына жылыжай салынған. Қожалық иесі Тұрсынбай Қалыбаев өз қаражаты есебінен жобаға 22 млн. теңге қаржы кеткен. Бүгінде мұнда 60 мың теңге жалақымен 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба 2014 жылы жүзеге асқан.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылық тауарын өндіруге келкенде санына ғана емес, сапасына да ерекше мән беру керектігін айтты.

«Біздің облыс басқа өңірлерден ауыл шаруашылығымен ерекшеленеді. Яғни, біздің өнімді еліміздің барлық аймақтары тұтынады. Одан бөлек, өзге елдерге экспортталып жатқаны қанша. Демек, біз сапаға мейлінше көңіл бөліуіміз керек. Сонда тауарларыңыз өтімді болады. Егер өнімнің сапасы жоғары болса, ұзақ сапарға да шыдамды, төзімді болары сөзсіз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 5114 ауыл шаруашылығы нысаны жұмыс істеп келеді. Оның 4994-і шаруа қожалық болса, 120-сы өндірістік кооперативтер.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Be the first to comment on "ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.