Түркістан Облысында рухани жаңғыру аясында жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті

164 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 02 10 2018 16:24

«Елбасы Жолдаулары — өркендеу кепілі. Элбоши мактублари — тараққиет кафолати» кітабы және «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» атты фотоальбомы. Айта кетерлігі, жинақтар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жарық көріп отыр.

Қос жинақтың тұсаукесеріне өңірдегі зиялы қауым өкілдері, оқырмандар жиналды. Игі шарада алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы қос жинақтың облыс руханияты үшін маңызды екендігін жеткізді. «Бүгін екі кітаптың тұсауы кесілгелі тұр. Алғашқысы, Елбасының 1997-2017 жылдардағы Жолдаулары бір жинаққа топтастырылып, өзбек тілінде жарыққа шықты. Кітаптың құрастырушысы облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Алишер Сатвалдиев. Бұл үлкен еңбек екендігін айта кеткен жөн. Кейінгісі, 2017 жылы қасиетті Түркістан қаласы — Түркі қаласының мәдени астанасы болып жарияланды. Осыған орай наурыз айынан бастап 5 желтоқсан аралығында 40-тан аса шара өткізілді. Міне, осылардың барлығы жинақталып,  «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» атты фотоальбомға топтастырылып отыр. Жинақты құрастырушы белгілі ақын Темірғали Көпбаев. Аталған жинақ болашақ үшін тарих болмақ», — деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Өзбек тілінде жарық көрген «Елбасы Жолдаулары — өркендеу кепілі. Элбоши мактублари — тараққиет кафолати» кітабында 20 жыл ішіндегі 21 Жолдау және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» сынды тарихи құжаттар топтастырылған. «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» фотоальбомында түркітілдес елдердің рухани-мәдени астанасы Түркістан қаласы болып жариялануы орай өткен іс-шаралар толық қамтылған. Аталған жинақтар алдағы уақытта қалалық және ауылдық кітапханаларға, білім мекемелеріне жеткізілетін болады.

Be the first to comment on "Түркістан Облысында рухани жаңғыру аясында жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.