ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА ДАЙЫН

60 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 06 10 2018 12:33

Президент бүгінгі Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін нықтады.

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауына байланысты Түркістан облысы әкімдігінде өткен брифингте облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Түркістан өңірінің жастары Жолдауды қолдауға дайын екендігін айтты.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында 2019 жыл – жастар жылы деп атауды ұсынамын деді. Мұның өзі жастарға арналған үлкен қолдау. Жолдауда айтылғандай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсірудің өзі жастарға едәуір көмек болмақ. Бұл тұрғыда Түркістан өңірінің жастары Жолдауда айтылған барлық межелерді орындауға дайын», — деді Балмаржан Полатқызы.

Сонымен қатар, Президент ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуын тапсырды. Сондай-ақ, «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту қажеттігін айтты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Be the first to comment on "ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА ДАЙЫН"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.