ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

68 рет оқылды, 3 пікір жазылды, 30 11 2018 19:49
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған түрлі салада қызмет атқаратын облыс тұрғындары, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың фойесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Елбасымыздың қоғамдық және саяси қызметінен сыр шертетін құнды фотосуреттер мен деректер қойылған.
Одан кейін жиылған көпшілік салтанатты жиынды тамашалады. Басқосуда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұртшылықты мерекемен құттықтап, Елбасының батыл бастамалары мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жөнінде баяндама жасады.
«Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл бұл мерекені жаңа облыс орталығында, яғни, Түркістан қаласында алғаш рет атап өтудеміз. Бұл да тарихи сәт. Түркістанымыз көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр. Бүгінде Қазақстан Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесінде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне айналды. Ұлт көшбасшысының көрегендігі мен саяси қайраткерлігін бүкіл ел біледі және құрметтейді. Міне, елдің ыстық ықыласының нәтижесінде бірнеше жылдан бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіп жүр. Бұл ел перзентіне, Ұлт көшбасшысына берілген әділ баға және лайықты құрмет!», — деген облыс әкімі бір топ азаматқа «Астана 20 жыл» мерекелік медалі мен облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен өрнектелді. Сахна төрінде Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен облыстық опера және балет театрының өнерпаздары өнер көрсетті. Сонымен бірге, «Тұмар», «Би сұлтан», «Болашақ» топтары өнер көрсетсе, Қ.Қасымова, А.Әбілдаева, Ж.Тұрғанбек, Т.Әлменов және өзге де жезтаңдай әншілер Отан тақырыбындағы әндерді шырқап, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

3 Comments on "ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ"

  1. I definitely wanted to make a quick note to thank you for the precious advice you are giving on this site. My considerable internet investigation has at the end of the day been recognized with reliable content to talk about with my relatives. I would repeat that most of us readers actually are definitely fortunate to live in a fine network with many lovely individuals with beneficial solutions. I feel extremely lucky to have used your web pages and look forward to really more cool moments reading here. Thank you again for everything.
    golden goose sneakers [url=http://www.goldengoose.us.com]golden goose sneakers[/url]

  2. I simply wanted to send a simple message to express gratitude to you for those remarkable ideas you are placing at this website. My prolonged internet research has at the end been compensated with high-quality details to write about with my family members. I would admit that many of us site visitors are unequivocally fortunate to live in a notable site with very many special professionals with insightful methods. I feel somewhat blessed to have used the web page and look forward to tons of more pleasurable minutes reading here. Thank you once again for all the details.
    nike foamposite

  3. Thank you a lot for giving everyone an extraordinarily marvellous opportunity to read articles and blog posts from this website. It is usually so enjoyable and full of a great time for me personally and my office mates to visit your blog at a minimum three times in 7 days to learn the newest secrets you will have. Of course, I am usually motivated considering the impressive hints you give. Selected 4 areas in this posting are in fact the simplest I have ever had.
    nike epic react

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.