ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

235 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 30 11 2018 11:32
Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайын артуына өңірде ашылған индустриялдық аймақтың үлесі мол.  Бүгінгі таңда «Қазығұрт» индустриялдық аймағының жалпы аумағы — 13 гектар. Онда  1,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға жер телімі берілген. 2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылса, 2018 жылы 589 млн. теңгелік табиғи шырын сусын өндіретін «Көрік ШҚ» ЖШС-і жұмысын бастады. Ал 3 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев  мәлімдеді.
 
Аудан басшысының айтуынша, алдағы жылы индустриялды аймақта іске қосылатын жобалардың арасында жалпы құны 602,7 млн. теңгені құрайтын құрғақ сүт және сары май өндіретін «Асыл бастау KZ» ЖШС-і,  құны 125 млн. теңгелік «Ақ-ниет 5» ӨК-нің «Темір бетон өнімдері» жобасы және құны 112,7 млн. теңге құрайтын «КН экспорт 777» ЖШС-ң «Жиһаз шығару» жобасы бар.
«Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласы тұрақты түрде дамуда. Дамудың жарқын көрінісі ретінде «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау» бағдарламасынан тыс жалпы құны 135 млн. теңгелік 2 жоба іске қосылғанын айтуға болады. Олар: «Қазығұрт айна» ЖШС-ның сұйық шыны өндірісі – 85 млн. теңге, «UNIFRUTTI GOLD» ЖШС-ның жемістер мен көкөністерді өңдеу арқылы диеталық пюрелер шығару өндірісі – 50 млн. теңге. Өнеркәсіп саласындағы жетістіктер жыл басында жоспарланған нәтижеге сай орындалуда. Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын бар.  Ағымдағы жылдың 10 айында өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд. 633 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады», — деді Төлеген Тұртайұлы.
Қазығұрт ауданында қазіргі таңда 94 шағын жоба іске қосылып, 405 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұдан өзге,  шағын және орта кәсіпкерлер саны 8226-ға жетіп, 114,6 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында  қаржы ұйымдарынан 2018 жылдың 10 айында 4565 тұлғаға 2414,8 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласы бойынша.
Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

2 Comments on "ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ"

  1. Thank you so much for giving everyone an extraordinarily spectacular possiblity to read from here. It is always very great and stuffed with a good time for me and my office acquaintances to visit your website at minimum thrice every week to read the fresh secrets you have. And definitely, we are always fulfilled with all the astounding creative ideas you give. Selected 2 points in this posting are certainly the finest we have all ever had.
    lacoste outlet [url=http://www.outletlacoste.us.com]lacoste outlet[/url]

  2. My wife and i were really lucky that Chris managed to conclude his investigation through the entire ideas he discovered out of the web page. It is now and again perplexing just to possibly be handing out instructions which many others could have been trying to sell. So we know we now have the writer to thank because of that. The type of explanations you made, the simple site menu, the friendships you will help to engender — it’s mostly terrific, and it is letting our son in addition to the family understand that article is cool, which is certainly pretty pressing. Thanks for the whole thing!
    russell westbrook shoes

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.