ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ 24 ПАЙЫЗҒА АРЗАНДАДЫ

83 рет оқылды, 3 пікір жазылды, 03 12 2018 14:26

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Кентау қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапары барысында ондағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен аймақ басшысы Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне аялдады. 2016 жылы құрылған нысан көкөніс және жеміс-жидектерді қайта өңдеу, сақтау және дайын өнімді өткізу шаруаларын атқаруға бағытталған. Кооперативтің жалпы жер көлемі — 300 гектарды құрайды. Онда 50 га алма бауы, 30 га жүзім, 40 га алхоры, 40 га абрикос, 140 га бақша, көкөніс дақылдары егілген. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мекеме жылына 450 мың литр жеміс-жидек шырынын, 1500 тонна көкөніс маринадын, 1200 тонна томат, алма, асқабақ езбелерін дайындауға қауқарлы. Кооперативіне 2018 жылдың 11 айында жалпы соммасы 292 млн. теңгені құрайтын 1950 тонна тауар өндірген. Оның 1200 тоннасы ішкі нарыққа өткізілсе, 750 тоннасы Ресей Федерациясына экспортталған.

Қазіргі таңда аталған мекеме ауыл шаруашылық дақылдарын алу жөнінде жалпы жер көлемі 350 гектар құрайтын 7 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен келісім шарт жасасқан.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Кентау сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын аралап көрді. Қаланы жылумен қамтамасыз ететін мекеме 2011 жылы құрылған. Серіктестікте 395 адам жұмыс істейді. Аталған мекеме 334 көпқабатты тұрғын үйге, 2121 жеке үйге, 374 коммерциялық нысанға және 102 бюджеттік мекемеге жылу беріп келеді. Жалпы қалада 38,2 шақырым магистралдық, 116,8 шақырым ішкі орамдық жылу құбыры тартылған.

Мекеме басшысы Төлеу Әшірхан Елбасының тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қызметтің құны 136-дан 103,88 теңгеге немесе 23,88 пайызға арзандатылғанын жеткізді. Сондай-ақ, төмен жалақы алатын 60-тан астам азаматтың еңбекақысын көтеру мақсатында мекеме бюджетінен 1 млн. 600 мың теңге қаралып отырғанын айтты.

Атқарылып жатқан шаруаларға қаныққан облыс әкімі халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында тиісті шараларды дер кезінде атқаруды тапсырды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

3 Comments on "ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ 24 ПАЙЫЗҒА АРЗАНДАДЫ"

  1. I’m just commenting to make you be aware of of the great discovery our princess obtained going through your web site. She mastered numerous pieces, with the inclusion of how it is like to possess an ideal coaching spirit to let many more easily completely grasp a variety of grueling matters. You undoubtedly exceeded our own desires. Thanks for offering those helpful, trusted, informative and also cool tips about that topic to Julie.
    adidas iniki http://www.adidasiniki.us

  2. I’m just commenting to let you understand what a fine experience my friend’s child found visiting your site. She noticed such a lot of pieces, which included what it’s like to have an awesome teaching spirit to let others smoothly learn about several extremely tough things. You undoubtedly did more than our expected results. Thanks for distributing these interesting, dependable, educational and fun thoughts on this topic to Evelyn.
    hyperdunks http://www.nike-hyperdunk.us.com

  3. Needed to send you the little observation to say thanks yet again with the beautiful solutions you’ve contributed on this page. It was so remarkably generous of people like you to supply freely what many people would have sold for an electronic book to help with making some money on their own, especially now that you might have done it in case you decided. Those secrets in addition served to provide a fantastic way to comprehend some people have similar keenness just like my personal own to know the truth a lot more when it comes to this matter. Certainly there are thousands of more fun times up front for people who see your site.
    longchamp handbags http://www.longchamphandbagsonlines.com

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.