ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

73 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 21 02 2019 18:53

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің  кезекті отырысы өтті.

Түркістан жоғары медицина колледжінде өткен жиынды Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова жүргізді. Отырыс барысында Аналар әйелдің қоғамдағы орны туралы  және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды анықтауға өз үлестерін қосатындықтарын айтты.

«Қолымыздан келегенше көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында оларды жұмысқа тартып, қолдарына қармақ беру маңызды»,-деді қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мустафаева.

 

Сонымен қатар, болашақ ұрпаққа барынша білім беріп, қиын-қыстау кезеңінде қолдау көрсетіп, қамқор болуға шақырды.

Отырыс соңында «Сыбаға» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы 10 отбасына бірінші қажеттіліктегі әлеуметтік көмек көресетілді.

 

1 Comment on "ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ"

  1. ogtqsugif,Definitely believe that which you said. Your favourite justification appeared to be on the net the simplest thing to remember of.
    Air Max 2019 http://www.max2019.us/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.