ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА -МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

27 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 12 03 2019 12:36

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен славян халықтарының мерекесі -Масленица атап өтілді.
Аталмыш мейрам қыспен қоштасатын, шуақты көктемді қарсы алатын күн ретінде тойланады. Өкпелі адамдар бір-бірімен татуласып, жасаған қателіктері үшін кешірім сұрайды.

Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Мұхтар Мұхамбетжан және славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамдары көпшілікке ұсынылды. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, қуыршақты жағу рәсімін де көпшілік қызыға тамашалады. Сайрам ауданы Ақсу кентіндегі Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде өткен іс -шараға облысымыздың барлық аудандары атсалысты. Мерекелік шарада әсем ән шырқалып, ұлттық киімдермен жасанған көркемөнерпаздар мың бұрала би биледі.

Be the first to comment on "ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА -МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.