ШЫМКЕНТТЕ ПИЛОТТЫҚ РЕЖИМДЕ АКСЕЛЕРАТОР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

211 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 17 03 2019 11:08

Шымкент қаласында ұлттық стратегиялық жоспарлар мен аймақтық бағдарламалар аясында қойылған міндеттерді орындау мақсатында Шымкентте бірінші аймақтық акселераторды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы А.Маминнің үшінші мегаполиске жұмыс сапары барысында хабарланды.
Жоба екі кезеңнен тұрады:
1. Акселераторды ашу
2. Акселератордың жұмысын бақылау үшін «Шымкент сити навигаторын» құру.
Соның нәтижесінде мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің қатысымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жақсарады. Осылайша, акселератор жұмыс орындарын құру, іскерлік ахуалды жақсарту, ШОБ дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және басқа да көптеген мәселелерді нормативтік-құқықтық актілерге және бюджет қаражатына өзгертулер енгізбестен тездетілген тәртіпте шешуге арналған алаң деуге болады.

© Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы

(Ақпарат Әсет Әссандидің Facebook парақшасынан алынды)

 

Be the first to comment on "ШЫМКЕНТТЕ ПИЛОТТЫҚ РЕЖИМДЕ АКСЕЛЕРАТОР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.