ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ СИТИ АЙМАҒЫНДАҒЫ КОНГРЕСС-ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

860 рет оқылды, 3 пікір жазылды, 17 03 2019 11:15

ҚР Премьер-Министрі А.Мамин үшінші мегаполиске жұмыс сапары барысында Шымкент Сити аумағындағы Конгресс-орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Нысанның жалпы ауданы – 14550 шаршы метр, 2 қабатты, 2300 орынды залы бар.
Бүгінгі таңда құрылысты «ВІ групп» компаниясы жүргізуде. Жалпы құны 10,2 млрд теңгелік жобаға «Шымкент» ƏКК АҚ тапсырыс берген.
Конгресс-орталық 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жалпы, “Шымкент сити” шағын ауданының ауданы – 427 га. Жобада 1,5 млн ш.м. болатын көпқабатты тұрғын үйлер, 7500 оқушыға арналған 5 мектеп, 5000 орынды 9 балабақша, 1 емхана, 1 жедел жәрдем ғимараты, 1 тірек пункті; жалпы ауданы 49 га құрайтын саябақ, 30000 орынды спорт аренасының құрылысы қаралған.
Бүгінгі таңда ірі инвесторларға тұрғын үй салу үшін құрылыс алаңдары белгіленіп, “Highvill” компаниясына — 51 га, “BI group” компаниясына — 5,2 га жер телімдері айқындалған.

© Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы

(Ақпарат Әсет Әссандидің Facebook парақшасынан алынды)

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.