Астананың сайлау учаскелерінде Головкиннің жекпе-жегі көрсетіледі

118 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 30 05 2019 12:29

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты.

Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусымда өтетін Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жек астанадағы барлық сайлау учаскелерінде көрсетіледі.Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz BNews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

— Бәріміз көптен күтіп жүрген Геннадий Головкиннің жекпе-жегі таңғы 7:00-ден бастап 10:00-ге дейін өтетінін ескеріп, біз барлық учаскелерде дауыс беру залынан бөлек бөлмелер ұйымдастырып, онда азаматтар үшін жекпе-жектің тікелей эфирін ұйымдастырамыз, — деді Ерлан Каналимов.

Ол Нұр-Сұлтан әкімінің шешімімен 9 маусым күні қалада қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болатынын да еске салды.

1 Comment on "Астананың сайлау учаскелерінде Головкиннің жекпе-жегі көрсетіледі"

  1. Want a lot of information about casinos and baccarat? Then visit our site once https://www.newyorker7.com/ — 바카라전략/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.