Жетісайда 6 елді мекен табиғи газбен қамтылады

118 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 26 07 2019 10:37

Өткен жылы 6 елдімекенге табиғи газ жүргізілген болатын. фото: Қ.Әуелбеков Түркістан облысы, Жетісау ауданындағы 6 елді мекен биыл табиғи газбен қамтылады.

Соңғы жылдары Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту ісі қарқынды жүргізілуде. Айталық былтырғы жылы 6 елді мекенде табиғи газ берілсе, биыл тағы да 6 ауыл отын жағу азабынан құтылмақ. Айта кетейік, бүгінгі таңда аудандағы 106 елді мекеннің тең жартысына жуығы өркениет игілігіне қол жеткізген. Яғни, бұл абоненттер саны бойынша тұрғындардың 80 пайызға жуығы көгілдір отын жағып отыр деген сөз. Биыл олардың қатары тағы 900-дей отбасымен толығатын болады. «Былтырғы жылы Жетісай ауданы әкімінің бастамасымен 6 ауыл табиғи газға қосылды. Ал биылғы жылдың маусым -шілде айларында 4 елдімекен тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізгелі отыр. Атап айтсақ, Ж. Ералиев ауыл округіндегі Арай, Үтіртөбе, Көктөбе және Абай ауыл округіндегі Жүзімдік елді мекеніне газ берілу жоспарлануда. Аталған 4 ауылдағы абоненттердің жалпы саны 1200-ді құрайды», — дейді Жетісай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев. Бұдан бөлек, биыл аудандағы 4 елді мекенге яғни, Жылысу ауылдық округі Сейфуллин, Әл-Фараби, Баққоныс, Ш. Ділбабеков ауыл округіндегі Жаңадала ауылдарына газ тарту мақсатында республикалық бюджеттен қаржы қарастырылыпты. Аталған нысандар 2020 жылы ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда конкурс шаралары жүргізілуде екен.

Be the first to comment on "Жетісайда 6 елді мекен табиғи газбен қамтылады"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.