Келесте жалпы құны 1,1 млрд долларға жылыжай кешені салынады

183 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 26 07 2019 11:13

Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Түркістан облысы, Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға Келес ауданында 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады.

Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын. Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Құрылыс бірнеше кезеңде жүзеге асырылатын болады. Жылыжай іске толықтай қосылса нәтижесінде 10 600-ге жуық жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Келешекте еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек. Жоба бойынша «ЭКО-культура» АПХ серіктесі қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясы болып табылады. «ЭКО-культуры» жылыжай кешендері ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің толық циклын басқаратын қазіргі заманғы компьютерлендірілген микроклиматты басқару жүйесімен жабдықталатын болады. Сондай-ақ басқару жүйесі жылу мен салқындату жүйесін, жарық режимін, тамшылатып суару, атмосферадағы көмірқышқыл газының құрамын қоса реттейтін болады.

2 Comments on "Келесте жалпы құны 1,1 млрд долларға жылыжай кешені салынады"

  1. We’re developing some community services to respond to this, and your blog is helpful.

  2. Woah this is just an insane amount of information, must of taken ages to compile so thanx so much for just sharing it with all of us. If your ever in any need of related information, just check out my own site!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.