Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады

148 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 26 07 2019 10:55

Жобаның жалпы құны — 225 млрд. АҚШ доллары. Түркістан облысы Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында мәлім болды. Баламалы энергия қуатын өндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және «Kazakhstan CHN-KZ electric industrial park group» Қытай компаниясы күн сәулесі мен желден қуат алмақ ниетте тамаша жобаны жүзеге асырмақшы. Нақтырақ айтқанда, аспан асты елінен келген компания екі станция салуды көздеп отыр. Осыған орай екі жақ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісімге сай қуаттылығы 200 мВт болатын жел электр стансасы мен күн электр стансасы салынады. Айта кету қажет, жобаның жалпы құны — 225 млрд. АҚШ доллары құрап отыр. Электр станлары Түркістан облысындағы Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде орналасатын болады.

Be the first to comment on "Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.