Қазақ-Қытай индустриялдық паркі ашылады.

67 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 26 07 2019 11:18

Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі құрылады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында белгілі болды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасында $524 млрд сомасына өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Меморандум негізінде «Түркістан» индустриялық аймағында Қазақстан-Қытай индустриялық паркін салынатан болады. Онда алдағы уақытта энергетикалық жабдық пен бұйымдар өндіретін өндіріс орналасатын болды. Сондай-ақ «Түркістан» индустриялық аймағының жобасын іске қосу нәтижесінде электр моторлар, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратуралары, батареялар мен аккумуляторлар, электр сымдары мен электр өткізгіш аспаптар, электр жарықтандыру жабдықтары, тұрмыстық аспаптар, сондай-ақ жылыту электр энергиясының көздеріне арналған құрал-жабдықтар өндіретін болады. Кәсіпорындарда өндірілетін өнімдер Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орта Азия, Кедендік одаққа мүше елдеріне, Қытайға және де Еуропаға жөнелтілетін болады. Барлық өндіріс орындар толықтай іске қоссылса 8 мыңға жуық бос жұмыс орнындар ашылу жоспарлануда.

Be the first to comment on "Қазақ-Қытай индустриялдық паркі ашылады."

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.