Previous
Next
Қазақстан Республикасы
Жасай берсын қазағым,Өркендеп,өсе бер Қазақстан!
  • 1
  • 2

Әлем жаңалықтары

Previous Next
  • 1
  • 2

Саясат

Previous Next
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Еркектің қаржылай қолдауына тәуелді болмауға әйелге барлық жағдай жасалмақ

шаблоны joomla новостныефонари светодиодныеавтомобильные шины

 

Қыркүйек айының 27-ші жұлдызында Шымкент қаласындағы "Облыстық қоғамдық келісім" үйінде "БҰҰ-Әйелдер" бағдарламаларының үйлестірушілері мен сарапшылары ұйымдастырған "Әлеуметті осал топтағы әйелдерге кәсіпкерлік пен табыс көздеріндегі мүмкіндіктерді арттыру" тақырыбында семинары өтті.

Жиынның басты мақсаты Облыстағы және ауылдық өңірлерде тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдердің құқығын қорғау, сонымен бірге ері қаза болған, ажырасқан нәзік жандылардың табысты болуына қолдау көрсетілетіндігінен құлағдар ету. Сондай-ақ осал топтағы нәзік жандылардың толыққанды өмір сүруіне, олардың қолынан келетін табысты істеріне қаржылай көмек көрсетілетіндігі жайлы да айтылды.

Ресми деректер бойынша, қазіргі таңда еліміздегі нәзік жандылардың 16 пайызы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жүргендерін білуге болады. Алайда ұйымдастырушылар әрбір әйелдің өз құқын қорғай алатынын білгені дұрыс дегенді тілге тиек етті.

Семинарда талқыланған басты мәселе – осал топтағы нәзік жандылардың іскерлігі ескерусіз қалмайтындығы болды. Осал топ деп нені айтамыз? Бұл топқа мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен ерінен ажырасып, балаларымен жалғыз қалған әйелдер жатады. Осы топтағы әйелдер алдағы уақытта жұмысқа орналасу немесе жеке кәсібін ашу мақсатында Мемлекеттік емес ұйымдардан көмек сұрай алады. Осылайша, осал топтағы, жалпы нәзік жандылардың экономикалық жағдайы көтерілмек. Яғни, әйел ерінің қаржылай қолдауына тәуелді болмайды.

"Бұл жоба "БҰҰ-Әйелдер" қауымының бірінші кезекте осал топтағы нәзік жандылардың экономикалық жағдайын нығайту және жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік жағынан қолдау көрсету, басқа да бағыттарда көмек беру негізінде жасалып отыр. Басты мақсатымыз ауылда тұратын әйелдерге, ВИЧ ауруына шалдыққандарға, мүгедек жандарға, жесір, көп балалы аналар, тұрмыстық жағдайында зорлық-зомбылық құрбанына айналғандарға жәрдем беру.

Бүгінде үкімет тарапынан тек мүгедек жандарға, көп балалы аналарға ғана қаржылай қолдау көрсетілетінін өздеріңіз де білесіздер. Біздің негізге алып отырған тақырыпты әкімшіліктер талқылап отыра алмайды. Олардың уақыттары да жоқ. Сол себепті біз ҮЕҰ-рымен бірігіп жұмыс жасаймыз. Сонымен бірге назардан мигранттар да тыс қалып отырған жоқ. Мысалы, мигранттар біздің елімізде жүріп әлеуметтік көмек немесе зейнетақы алмайды. Олардың құқықтарын кім қорғайды? Зерттеу жұмыстары әлі де жүргізілуде. Стратегия жазылғаннан кейін заңнамамыз бен мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес қандай шаралар қолдануы керек жайлы жазып, тиісті мемлекеттік органдарға және парламентке жібереміз.

Өкінішке орай, көп жағдайда тұрмысқа шығып, ерімен он жыл өмір сүріп, бірнеше баланы дүниеге әкеліп, жарты жолда жалғыз қалып қойған әйелдер баршылық. Олардың көпшілігінде диплом не қызметтік тәжірибе жоқ. Олар қайда барады, қалай күн көреді? Күйеуінен алимент алып жарытып жүрген әйелдің саусақпен санарлықтай екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сол себепті осы әйелдерге ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, біз қолдау көрсетеміз", - дейді Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының маманы Гүлнар Сымайылова.

крымсобаки
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]