Previous
Next
Қазақстан Республикасы
Жасай берсын қазағым,Өркендеп,өсе бер Қазақстан!
  • 1
  • 2

Әлем жаңалықтары

Previous Next
  • 1
  • 2

Саясат

Previous Next
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

НОБЕЛЬ МЕДАЛI

шаблоны joomla новостныефонари светодиодныеавтомобильные шины

 

Әлемде бiрiншi рет Альфред Нобель сыйлығының иесi көзi тiрiсiнде аукционға өзiнiң медалiн сатуға қойды. Нобель ме­далiнiң иесi – Джеймс Уотсон. Бұл жоғарғы атақты ғалым 1962 жылы физиология мен медицина саласындағы ерен жетiс­тi­гi үшiн алған болатын. Аукцион­нан түскен ақшаны Д.Уот­сон ғылыми институттарды қаржыландыруға бермекшi. Бұл туралы Лента.ру хабарлайды.

Уотсонның медалiнiң бағасы – 2,5 – 3,5 мил­лион доллар тұрады. Медальдан басқа ғалым бағалы сыйлықты алу кезiнде сөйлеген сөзiнiң жазбаларын да қоса сатпақшы. Оның бағасы 200 – 400 мың долларға бағалануда.
КОЛУМБИЯЛЫҚ СУРЕТШI... АҒАШҚА ҮЙЛЕНДI
Колумбиялық суретшi Ричард Торрес тосын бiр қадамымен ел-жұртты таңғалдырды. Ричард кәдiмгi жаны жоқ ағашпен некесiн қиды. Бұл туралы Bnews.lite хабарлайды.
Қоршаған ортаны қорғаушы Р.Торрес бұл қадамға баруының себебiн былай түсiндiредi: “Адамдар табиғат­ты құр­туда.Перудiң,Колумбияның,Мексиканың джунглиiн­де­гi ағаштар оталып жатыр. Мұхиттар да, аспан әлемi де ластануда. Қырылып жатқан жан-жануарларда қисап жоқ. Мұны тоқтатып, табиғатты аялауымыз керек” дейдi.
Суретшi ағашпен некесiн қиюы арқылы бүкiл әлемдi табиғатты аялауға, қорғауға шақырады.
Р.Торрес пен ағаштың үйлену тойы ел астанасы Боготадағы ұлттық саябақта өттi.
ЖАҢА ТУҒАН СӘБИIН ШҰҢҚЫРҒА ТАСТАП КЕТКЕН
Австралияда 30 жастағы әйел сусiңгiш шұңқырға жаңа туған баласын тастап кеткен. Бұл туралы Нур.кз. хабарлайды.
Сидней қаласының екi тұрғыны велосипед теуiп жүрiп, жер астындағы су­сiңгiш шұңқырдан нәресте­нiң талып жылаған даусын естидi. Екеуi велосипед­терiнен түсе қалып, шұңқырдың бетiндегi темiр қақпақты ашпақшы болады. Қанша тыраштанғандарымен оны аша алмайды. Бiрнеше адамның көмегiнiң арқасында темiрқақпақты ақыры ашады. Жылап жатқан – аурухананың көрпешесiне оралған жаңа туылған нәресте екен. Олар дереу полиция шақырады. Полиция нәрестенiң анасының кiм екенiн тез арада табады. Көрер күнi бар екен, сәби тереңдiгi 2,5 метр шұңқырда жетi күн жатыпты.
Қазiр өз баласын өл­тiрмек болған жауыз әйелге қатысты тергеу жүргiзiлуде.
ӘЛЕУМЕТТIК ЖЕЛIДЕГI АЛАЯҚ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ
Қазiр әлеуметтiк желiлердi ашып қалсаңыз, интернет-дүкеннiң неше алуаны шыға келедi. Бұл дүкендер Германиядан, Ресейден және т.т. киiм-кешектiң, дүние-мүлiктiң неше түрiн ұсынады. Мiне, осындай әлеуметтiк желiлерде әлемге әйгiлi брендтiк заттарды сатамыз деп жарнама берген және бұл заттардың ақшасын өз есебiне аудартқан алаяқ әйел ұсталды.
Бұл туралы Ульяновск (Ресей) облыстық прокуратурасының сайты хабарлайды.
Сотта белгiлi болғандай, 28 жастағы әйел екi жыл бойы “ВКонтакт” әлеуметтiк желiсiнде брендтiк киiм-кешектiң қызметкерi болып, интернетке қымбат аяқ киiм, киiм-кешектердiң суретiн салып отырған. Алайда ақша аударған тапсырыс берушiлер заттарын ала алмаған. Әрине,бұдан түскен көп ақша алаяқ әйелдiң есебiне түсiп отырған.
Сот әйелдiң жүктi екенiн ескерiп, оны 50 мың рубль айыппұл төлеуге және 3 жыл 2 айға шартты жазаға бас бостандығынан айыр­ды.
Дайындаған С.Сұлтекеқызы.

крымсобаки
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]