Дініңді ұстай алсаң – қасиетіңе, ұстай алмасаң – қасіретіңе

Сейсенбі, 15 Шілде 2014 05:20
крымсобакишаблоны joomla новостные

 

 

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі – дін мәселесі екенінін ескерсек, бүгінде дінді саясаттан, әлеуметтік идеологиядан бөліп айтпауға негіз бар. Ежелгі заманнан бері мемлекетті басқаруды, белгілі бір қоғамдық пікір қалыптастыруды дін арқылы жүзеге асырғандығы белгілі. Яғни дін мен саясат бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Елімізде дәстүрлі діндер – ислам мен христианшылдық деп қарасақ, сонымен қатар, «дәстүрлі емес» діндер саны қаншама. Атап айтқанда, Жаңа апостолдық шіркеу, Иегова Куәгерлері, және харизмалық ағымдағы «Агапе», «Новая жизнь», «Новое небо», «Илия», «Благая весть» сонымен қатар, «Хизб-ут-Тахрир», «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты», «Жунд әл-Халифат», «Таблиғи жамағат» сынды экстремистік және террористік ұйымдар бар.
Бүгінде еліміз екі көпір арасындағы күйді кешуде. Себебі егемендік алғанға дейін ата-бабаларымыз отаршылдықтың салдарынан атеистік бағытты ұстануға мәжбүр болды. Ал тәуелсіздік алғаннан бастап, елімізде діни бостандық орнады. Яғни әр адам ешбір шектеусіз өзі қалаған дінін қабылдауға құқылы болып, Кеңес заманында әлсіреп қалған ислам діні қайта жандана түсті. «Таяқтың екі ұшы болады» демекші, бұл бір жағынан жақсы болса, екінші жағынан жаман дер едік. Себебі, қоғамда, әсіресе жастар арасында белең алып жатқан діни сауатсыздық әрбірімізді алаңдатпай қоймасы анық. Дана халқымыз «Адам білмегеннің дұшпаны» деп өте орынды айтып кеткен. Сол білместіктің, жастардың көкейіне түйген қате пікірдің салдарынан қоғамда түрлі келеңсіздіктер орын алып жатқаны да бар. Неміс социологы Карл Манхейм «Жастар — өз табиғатына қарай прогрессивті де емес, консервативті де емес, ол кез-келген бастамаларға дайын тұратын қарым (потенция)» деп анықтама берген. Яғни әлі оңы мен солын танып үлгермеген, бағыт-бағдары анық емес өскелең жас ұрпақтың бойына бұрыс бағыттағы діни көзқарсты оңай сіңдіруге болады.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, ең әуелі отбасында берілетін тәлім-тәрбие маңызды. Ал бүгінде дінге қайшы деп, бесіктен белі шықпаған балаларын тұмшалауымен қоймай, тіпті мектеп табалдырығын аттатырмай жатқандары да бар. Ешбір дінде оқу оқып, білім алуға шектеу қойылмағандығын ескерсек, бұл не өрескелдік? Сауатты, оқыған жас ұрпақ — әрбір ұлттың бүгіні мен ертеңі, жарқын болашағы. Ал бұл мәселе болашағымызға балта шабумен пара-пар. «Шаш ал десе, бас алатын» қазағымыздың бірі білім алуға тиым салып жатса, енді бірі, білімін жетілдіру мақсатында шет ел асып оқып келіп жатыр. Елге оралып, құранды, шариғатты айтып түрлі қате пікірлерді насихаттап жүргендері де жасырын емес. Содан болар ислам діні десе, көз алдымызға арабтың хиджабы, қара сақалдылар, және қысқа балақтылар елестейтіндей халге жеттік. Жастар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей, қазақы салт-дәстүрімізге сай дүниенің барлығын жоққа шығарып, арабтың, иранның, түріктің менталитетіне бой алдыруда. Қазақ халқы көне заманнан бері ислам дінін ұстанып келе жатса да, ешқашан қыз баласын тұмшалап, ұлдарына сақал қойдырып, қысқа балақ кигізбегендігі анық. Қыздарына әрқашан төрден орын беріп, қос етекті көйлек пен басына бөрік кигізіп, шашына шолпы таққан халық. Ислам діні әрбір халықтың өз рухани құндылықтарына, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне қарсы шыққан емес. Өскелең жас ұрпақ әділдікке құмар, ізденгіш, арманшыл келгендіктен көбіне шектен тыс іс-әрекеттерге барып жатады. Белгілі бір ұлтқа, мемлекетке ірткі салушылар дәл осындай жалынды жастарымызды өз мақсаттарына жетуде дін арқылы пайдаланады. Яғни терраризм, діни экстемизммен санасын улап, белгілі бір билікке қол жеткізуді көздейді.
Ислам діні – жеңілдік діні, ал оны қиындататындар діннен хабары жоқ, сауатсыздар. Елімізде тыныштық пен біртұтастықты сақтап қалғымыз келсе, кіршіксіз таза ислам дінін қоғамға дұрыс насихаттау қажет. Адамның ақ пен қараны ажыратуы, рухани дүниетанымы, ақиқатқа деген көзқарасы балалық шақ, жасөспірім кезінде қалыптасады. Сондықтан кемелді келешегіміз үшін жастарымызды жалған діни көзқарастан, діни экстремизмнен сақтағанымыз абзал.
Айнұр Қаратай

Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 08 Желтоқсан 2015 04:25
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Оқылды: 1115 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: «Тәуелсіз Қазақстан – Халқымыздың Жеңісі!» »
фонари светодиодныеавтомобильные шины
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]