Зардап шеккендерге өтемақы беру айтыла бастады

Сейсенбі, 21 Сәуір 2015 10:41
крымсобакишаблоны joomla новостные

 

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығынын жергілікті комиссиялар анықтап жатыр. Билік өлген мал мен бүлінген үй мүлкінің құны өтелетінін хабарлады.

 

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданыСадовое ауылының тұрғыны Алтынхан Берік су басқан кезде айдауға жарамай қорада қалған арық-тұрақ тоқтылары арам өлгенін, ал үйдегі мүліктері түгел жарамсыз болып қалғанын айтады. Ол тасқын су басқан кезде бүлінген үй-жайы мен қырылған малына өтемақы алар-алмасына күмәнді.

– Кеше аудан әкімі келіп жиналыс ашты. «Комиссия құрылды, шығындарыңды анықтап береді. Үйлерің мен үй ішіндегі мүліктеріңнің өтемақысын төлеп береміз. Ал қора-қопсыларың мен көліктеріңе жауап бермейміз» деп кетті. Сондай-ақ мал шығыны аз болғандықтан, оған жұмсалатын қаржыны жеке компаниялар есебінен төленетінін айтты. Бірақ комиссияның қашан келетінін айта алмады. Енді сол комиссиясы тез келсе екен, – дейді Алтынхан Берік.

«МАЛЫНЫҢ ОРНЫНА МАЛ АЛЫП БЕРЕМІЗ»

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың шығынының көлемін анықтайтын комиссия жұмыс істеп жатқанын Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбайұлы да растады.

– Қазір комиссия қанша үйдің жарамсыз екенін, қанша үйдің жөндеуге келетіндігін анықтап жатыр. Оған қоса, шығынға ұшыраған мал мен мүлік бар. Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс кәсібі мал болғандықтан, біз өлген әрбір малының орнынан мал алып береміз, – деді Ерлан Бейсенбайұлы.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары тұрғындардың тасқыннан бүлінген көліктеріне өтемақы төленбейтінін айтады.

– Заң бойынша әр азамат жеке көлігін сақтандыруға тиіс. Біздің азаматтар көліктерін тек жол-көлік оқиғасы болған жағдайда керек азаматтық құқық тұрғысында ғана сақтандырады, толықтай сақтандырмайды. Сол себепті біз тасқыннан бүлінген көліктерге өтемақы төлей алмаймыз, – деді Ерлан Бейсенбайұлы.

Ерлан Бейсенбайұлының сөзінше, аудандағы бірнеше ауылды су басқан, олардың кейбірінде, мәселен, Мұстафин кентінде 700 үй су астында қалған.

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданынан өзге Абай, Шет, Ақтоғай, аудандарына қарасты әлденеше ауылды да су басып қалған.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің енді бірі – Павлодар облысы. Облыстық төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі Баянауыл ауданындағы Теңдік ауылында алты үйді су басқанын, зақымданған үйлер мен мүліктердің есебі шығарылып жатқанын хабарлады.

Су тасқынынан Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Саржал ауылы да жапа шеккен еді. Ауыл әкімі Ұлан Өміртай «он шақты үйге су кіргенін, үй мүліктерінің жарамсыз болғанын, бір үйдің құлау қаупінде тұрғанын, ал шығын көлемі әлі есептелмегенін» айтты.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің дерегінше, соңғы апталарда Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 186 үйді, Шығыс Қазақстан облысында 82 үйді, Қарағанды облысында 2030 үйді су басқан. Тасқын басталғалы 23 шақырымнан асатын жолды су алған немесе бүлдіріп кеткен. Табиғи апат салдарынан тұрғылықты жерінен эвакуацияланған 15 мың 518 адамның тең жарымына жуығы әлі үйлеріне қайтпаған.

"Азаттық" радиосы

 

Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 23 Сәуір 2015 10:09
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)
Оқылды: 8022 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Қытайлар: қазақтар, сендер малсыңдар, иелерің жоқ! »
фонари светодиодныеавтомобильные шины
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]