Экономика

2017 жылы Қазақстан экономикасы

 

2017 жылы металлургияның өндірісінің өсу деңгейі баяулайды. Мұндай болжамды Қазақстандағы әр түрлі өндіріс салаларының дамуына мониторинг жүргізген Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) сарапшылары жасады.

Қайта өңдеу өнеркәсібі

Өсімнің төмендегеніне қарамастан, деңгей бірқалыпта сақталады. Ол көптеген өндірістік металлдар бағасының жоғарылауына байланысты. Сонымен қатар, ел ішінде шикізат өңдеу көбейеді деген болжам бар. Атырау мен Павлодар мұнай өңдеу зауыттары 2017 жылы жаңартылса, мұнай өңдеу өнеркәсібінде де өсім байқалатын болады.

2016 жылы тауар сұранысы төмендеген машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп және сусындар өндірісі сияқты салалар қалыпты деңгейге өтеді.

Сарапшылардың пікірінше, ескі көлікті қайта өңдеуге сертификат бөлу  арқылы отандық автокөліктердің санын арттыру бағдарламасын іске қосу машина құастыру саласына үлкен қолдау көрсетеді. «Қазақстан темір жолына» қажетті вагондар өндірісін кеңейту де маңызды ықпал етеді.

Толығырақ: 2017 жылы Қазақстан экономикасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

 

 Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жеңіл өнеркәсіп салаларының дамуы

Кез келген елдің жеңіл өнеркәсібі - бұл экономиканың аса маңызды көп бейінді және инновациялық тартымды секторы.

Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызын ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді.

Саланы дамытудың жалпы үрдісі ел өнеркәсібі көлеміндегі оның үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тықсыруына әкеледі, бұл апатты сипат алды.

Жеңіл өнеркәсіп технологиялық жағынан аграрлық сектормен барынша байланысты екенін ескерсек, оның дамуы елеулі түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға ықпал ететін болады, осының арқасында ел ішіндегі төлем қабілеті сұранысы мен ішкі нарықтың сыйымдылығы артады.

Толығырақ: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

«ҚАЗАҚСТАН 2020 ЖЫЛ» СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛ БОЛАШАҒЫ

«ҚАЗАҚСТАН 2020 ЖЫЛ» СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛ   БОЛАШАҒЫ

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауының 4-бөлімі «Адам – елдің басты байлығы» деп аталған. Бұл «Қазақстан 2020 жыл» стратегиясының орындалуы үшін халық тарапынан мейлінше көп қолдаудың қажет болатынын көрсететін болса керек. «Бүгінде біздің ынтымақтастығымыз ортақ табысымыздың міндетті шартыбола түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр», — делінген президент Жолдауында. Сол аталған ауқымды істерді атқару үшін адамдық ресурстардың мүмкіндіктерін де арттыру қажет болмақ. Мемлекетімізде осыдан бірер жыл бұрын Қазақстан халқының санын 20 миллион адамға жеткізу мақсаты қойылған. Бұл – басқасын былай қойғанда, еліміз экономикасының өскелең қажетінен де туындайтын талап. Оның орындалуына тарихи отанына оралмандарды көптеп тарту шарасы да өз үлесін қосуға тиісті.

Өйткені сырттағы қазақтар мың өлiп, мың тiрiлген халқымыздың үштен бiрiн құрайды. Және олардың ешбiреуi де атамекеннен жат жерге жақсылықтан кеткен жоқ.

Толығырақ: «ҚАЗАҚСТАН 2020 ЖЫЛ» СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Даму сатылары

 

                                                              Даму сатылары

   Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:


  • *ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

  • *жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

  • *инфляция мен инфляция қарсы саясат;

  • *экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

  • *экономикалық дамудың циклдары;

  • *ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

  • *мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.


Қазақстан дербес мемлекет ретінде экономикалық даму үрдістерінің мол тәжірибесін жинақтай ХХI ғасырға қадам басты. 1990 жылдардың басында ел экономикасын реттеуде заманауи уақыт талабына сай жұмыстар қолға алынды және дәл осы жылдар Қазақстан үшін тарихтың жаңа беттерін айқындаған жылдар болды. Ел алдында тәуелсіздік тұғырын қондыру жолы - әкімшілік-әміршілдік жоспарлы экономиканы нарыққа көшіруді жүзеге асыру, заманауи демократиялы және азаматтық қоғамның негізін орнату міндеті тұрды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қайта құру және жаңаша қоғамдық жүйені қалыптастыру, әлемдік үдерістерге сүйенетін шаруашылықты жүргізудің жаңа сапалық үлгісін жасау қажет болды.

Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

1) соц. экономикадан кейінгі қайта құру;

2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3) макроэкон. тұрақтандыру;

4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру;

5) экон. өрлеуді қамтамасыз ету.

Толығырақ: Даму сатылары

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бағыттары

                                                  Қазақстан 2020 жылы

      Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.
      2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторларына қомақты шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарында болады. Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсы дайындықта болады. Қазақстан шектес елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық байланыстарын нығайтады.
      2020 жылға қарай ел әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адами ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту есебінен өзге әлеммен үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызметтер көрсету саласы экономика құрылымында тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.

Толығырақ: Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бағыттары

Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]