Проблема-түйін

Кәсіпкерлікті кәсіп етемін деген Арыстық Ерлан Қалходжаевтың үкілеген үміті үзілді.

 

                                                             Үміті үзілген-Ерлан Қалходжаев

  Ағымдағы жылы  дәлірек  айтсақ, ақпанның 24- күні  аудан прокуроры  Нұркен  Қосбаев  мырза   Арыс қаласының кәсіпкерлері мен  алқа билерін шақырып арнайы жиналыс өткізіпті. Ондағы мақсат  соңғы кездеі аталмыш қалада ұрлықтың көбеюі түрткі болған сыңайлы. Жиын барысында бизнес  саласының өкілдері соның ішінде қара және түсті метал қалдықтарын жинаумен айналысатын кәсіпкерлер де сөз алған екен.  Ауданда болып жатқан оқиғаларды зерделеп, тиісті тапсырмалар берген прокурор мырза  әсіресе түсті  және қара металмен айналысатын кәсіпкерлерге алдын-ала ескерту қағазын ұсыныпты. Қағазда түсті және қара металдың сынықтарын жинау, сақтау, өңдеу және өткізу бойынша  қызметті лицензиясы жоқ тұлғалармен жүзеге асырылмайтындығын қатаң ескерткен. Аталған заң талаптары орындалмаған жағдайда  Қазақстан Рес публикасының қылмыстық кодексінің 214-бабына және Қазақстан  Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  463-бабына сәйкес, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатындығын анық көрсеткен.

Толығырақ: Кәсіпкерлікті кәсіп етемін деген Арыстық Ерлан Қалходжаевтың үкілеген үміті үзілді.

Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]