Әлеумет

Оңтүстік жұртшылығы латын қарпіне өтуді қолдайды !

 

 

                                                              Оңтүстік жұртшылығы латын қарпіне өтуді қолдайды !

  Мәжілісте өткен латын графикасының бірыңғай стандартын енгізу туралы парламенттік тыңдауы Оңтүстік Қазақстан облысында қызу талқылауда.

Бүгін облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің конференц-залында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі өтті.

Кеңеске облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық ардагерлер кеңесі, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, саяси партиялар мен кәсіподақтар және депутаттар қатысты.

Кеңесті Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы жүргізіп отырды.

Кеңестің ашылуында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы негізгі басымдылық латын графикасын көшу екеніне тоқталды. «Ортақ істің үлкен жауапкершілігін сезіне отырып, біз сіздерді өз ойларыңызды ортаға салып латын қарпіне көшу жолдарын талқылауға шақырдым», - деді М.Қалмұратов

Кеңесте педагогика ғылымдарының докторы, профессор, МҒА академигі Асма Қалыбекова, облыстық корей этномәдени орталығының төрайымы Роза Пак және өзге азаматтар өз ойларын ортағы салды.

Кеңестің қатысушылары бірауыздан латын қарпіне өту бастамасын қолдайтындықтарын білдірді. Сондай-ақ кеңестің қатысушалары латын қарпіне өту жолында тиімді ұсымдарды дайындауға белсене атсалысатындығын мәлімдеді.

Толығырақ: Оңтүстік жұртшылығы латын қарпіне өтуді қолдайды !

Оңтүстіктің жастары

 

Оңтүстіктің жастары

 

ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова:

Елбасы Н.Әбішұлы 2025 жылдан бастап, латын әліпбиін қолданысқа енгізу керектігін айтты. Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз бар. Ол:

Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.

Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.

Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқымыз келеді.

ОҚО жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков:

Қазақ елі тәуелсіздік алғанына жиырма алтыншы жылға аяқ басты. Бүгінгі жастар еліміздің өркендегенін, жылдан-жылға дамып келе жатқандығын көріп отыр. Олар азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде. Сондықтан, біздің ойымызша, отаршылдық санада емес, тәуелсіздік рухтағы қазіргі қазақ жастары ұлтын сүйетін патриоттық сезімде қалыптасып келеді.

Біз жастар латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз деп сеніммен айта аламыз.

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ- БІЗ ЖАСТАР ҮШІН, БОЛАШАҚ ЕЛІМІЗ ҮШІН ӘЛДЕҚАЙДА МАҢЫЗДЫРАҚ!

 

Толығырақ: Оңтүстіктің жастары

«Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын дамыту бойынша

 

                    «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын дамыту бойынша

Ордабасы ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент қаласынан солтүстікке  қарай 45 шақырым жерде орналасқан. Ордабасы ауданы көлемінде 10 ауылдық округ және 57 елді мекен кіреді. Жалпы жер аумағы 2314 га. Халықтың саны 130631 адам (соңғы 3 жыл көлемінде өсуі).Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамыту бағытында қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған орай алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтсем. Бүгінгі күнге аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 214 адам кезекте тұр. Ал жер телімін алу кезегінде ауданда 2825 азамат кезекте тұр.

  

2017-2021 жылдарға арналған даму концепциясы бойынша

жеке дара атап айтқанда:

 

               2017 жылы 14 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Кезекте тұрған 28 отбасы тұрғын үймен қамтылады.

         2019 жылы Шұбар ауылынан көп қабатты коммуналдық тұрғын үй  жалпы соммасы 305,6 млн теңге, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге  7,0 млн теңге қойылған. Осы аталған үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 24,0 млн теңге қарастыру көрсетілген.

        2020 жылы Бадам ауылынан көп қабатты коммуналдық тұрғын үй жалпы соммасы 305,6 млн теңге, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге  7,0 млн теңге қойылған. Осы аталған үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 7 млн 300 мың теңге қарастыру көрсетілген.

         2021 жылы Темірлан елді мекенінен көп қабатты коммуналдық тұрғын үй жалпы соммасы 343,8 млн теңге,  жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге  7,0 млн теңге қойылған. Осы аталған үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 7 млн 300 мың теңге қарастыру көрсетілген.

       Талқыланып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасының ең өзекті, әрі дұрыс шешімді қажет ететін тармақтарының бірі – жеке және көп қабатты тұрғын үй құрылысын дамыту, оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу.

          Ордабасы бойынша 2017-2021 жылдар аралығында кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта әзірленетін тұрғын үйлердің жобасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бекітілген нормаға сәйкес, яғни 68 шаршы метрден аспау талабы басшылыққа алынып жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, бұл бағдарламаның қабылдануы тұрғын үй құрылысында біріңғай архитектуралық стильді қолдану, үйлердің қасбеттерін заманауи талаптарға сәйкестендіру бойынша бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.


 Осыған орай, жер теліміне кезекте тұрған азаматтар бойынша есептілікті және жер телімін бөлуді барынша ашық түрде жүргізу үшін, жер телімдерін беруді «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы орталықтандыру қажет деп санаймыз, себебі бір азамат республикамыздың бірнеше аймақтарында кезекке тұруы мүмкін аудан аумағында жерді бөліп, құрылыс жүргізуге қатысты өзекті мәселелерді, бағдарлама барысында өз шешімін табады деп санаймын.

 Сонымен қатар, статистикалық көрсеткіштерге сәйкес нақты құрылыс жұмыстарының индикаторлық көрсеткіші 2017 жылдың 5 айында  95,3 пайызды көрсетіп тұр, төмендеу себебі 2017 жылы басталатын 3  мектеп (200 орындық -2 мектеп және 600 орындық-1 мектеп) құрылыс жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарының кеш өтуіне байланысты қаржылардың игерілмеу себептерінен төменгі көрсеткіштерге орындалуда. Алдағы уақытта яғни, 2017 жылдың 6 айында құрылыс жұмыстарының нақты көлем индикатор көрсеткіші 100 пайызға орындалады.

 

Инфрақұрылым саласын дамыту

 

                                       Инфрақұрылым саласын дамыту

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекені Самал-2,3 мөлтек аудандарында орналасқан тұрғын үй жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны мемлекеттік сарапатамадан өткізу жұмыстарына 2016-2017 жылдары 4 млн. 140 мың 257 теңге қаржы бөлініп, 03.08.2017 жылғы №ЭРRО-0127/17 санды сараптама қорытындысына сәйкес жалпы сметалық құны 1 млрд 820 млн 769 мың  теңгені құрады, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына 1 млрд 536 млн 720 мың теңге. 1014 жеке тұрғын үй жер телімі (учаскелері) инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

2016-2017 жылы Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде 14 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Аталған тұрғын үй құрылысына облыстық бюджет есебінен 346 млн 844 мың 883 теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Осыған инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы 14 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйді инженерлік-коммункациялық жүйелермен қамтамасыз ету үшін жалпы 124 млн 992 мың 400 теңге қаржы қаралып, қаралған қаржыға су жүйесінің ұзындығы-2845 метр, жолдың ұзындығы-1099 метр және электр желілерінің ұзындығы-1365 метрді құрайды.

Аталған тұрғын үй құрылысы 05.06.2017 жылы құрылысы толығымен аяқталған жағдайда кезекте тұрған 28 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Толығырақ: Инфрақұрылым саласын дамыту

ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық берді

 

 

ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық берді

 

  

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары Құрбан айт мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың аз қамтылған тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын-қарбыздан дәм татқызу. Тізімді диқандарға Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, ұлық мерекенің қадір-қасиетін арттыра түсті. Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады.

Толығырақ: ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық берді

Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]