Ордабасы ауданында жаңа мектеп бой көтерді

шаблоны joomla новостныефонари светодиодныеавтомобильные шины

 

                                               Ордабасы ауданында жаңа мектеп бой көтерді.

Соңғы жылдары елімізде елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Білім ошағына мұқтаж ауылдық округтерде де мен мұндалайтын мектеп ғимараттары көтеріліп жатқаны көңіл қуантады. Соның бірі Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Бадам» ауылдық округіне қарасты 1-мамыр ауылында жаңа мектеп бой көтерді. Осы күнге дейін білім алу үшін бірнеше шақырымға жол тартатын мектеп оқушыларына өте тиімді болғалы тұр.

«Санур Строй» мердігер компаниясы қолға алған құрылыс нысанында бүгінде екі қабатты мектеп бой көтерді. Құрылыс обьектісіне облыс қоржынынан үш жылға 412 млн теңге қаражат бөлініпті. Мердігер компания директорының орынбасары Мухамед Абдувалиев Хамзаұлы жүктелген міндетті ойдағыдай орындап дер кезінде тапсыруды әдетіне айналдырған. Екі жүз орындыққа арналған білім мекемесі әлі мектеп тізгінін ұстайтын директордың еншісіне тимеген, сонда да тамыздың 31-не тапсырылатын нысан айтылған уақыттан екі ай бұрын бітіп, мердігер компания өкілдері өз міндеттерінен құтылған. Мектеп іші өте керемет. Барлығы заманауи үлгіде, лингафон кабинеттері, компьютермен жабдықталған кабинеттер, отын сақтайтын қоймалар бәрі-бәрі соңғы үлгіде жасалғаны жасырын емес. Білім нүктесінің сыртқы келбеті де келісті, қазақи ою-өрнекпен нақышталған. Жалпы, сиқы қашқан ауылдың ажарын мен мұндалаған екі қабатты зәулім мектеп көркейтіп тұр. Сондықтан біздің редакция тарапы да, балғындарға қуаныш сыйлаған мердігер компания мен олардың басшыларына үлкен алғыс білдіреміз.

 


крымсобаки
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]