Саясат

ЭКСПО-2017 жабылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді?

ЭКСПО-2017 жабылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді?

Жабылу салтанатына арналған шоу бағдарламада тек қана қазақстандық әртістер өнер көрсетеді деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ҰК контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров

"Көпшіліктің сұрауы бойынша концертте "МұзАрт" тобы, сондай-ақ Марат Бисенғалиевтің Симфониялық оркестрі, Альфия Кәрімова және Майра Мұхамедқызы сынды опералық әншілер, скрипкашы Жәмиля Серкебаева, "Отырар Сазы" оркестрі және "Астана Балет" әртістері өнер көрсетеді. Біз үлкен қойылым дайындап жатырмыз, ол Амфитеатрда өтеді", — деді Марат Омаров.

 

Ұйымдастырушылар шара барысының құпиясын ашпай, барлық тұрғындарды келіп көруге шақырды.

Толығырақ: ЭКСПО-2017 жабылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді?

Финляндияның Астанадағы елшісі тағайындалды

 

 

                    Финляндияның Астанадағы елшісі тағайындалды

Финляндия Президенті Саули Ниинистё 24 наурыз күні Микко Кивикоски мырзаны 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Финляндияның Астанадағы елшісі қызметіне тағайындады.

Бұл туралы Финляндия Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, Welcome Nordic ақпараттық порталы хабарлады.

Микко Кивикоски Астанаға 31 тамыз күні келгені туралы өзінің Twitter парақшасында хабарлады. 4 қыркүйек күні сенім грамотасының көшірмесін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкоға табыстады.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толып отыр. Финляндияның Астанадағы Елшілігі 2010 жылы, ал Қазақстанның Хельсинкадағы Елшілігі 2012 жылы ашылды.

Толығырақ: Финляндияның Астанадағы елшісі тағайындалды

Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 25 жыл

                           Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 25 жыл

 

 2017 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толды.

 Ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог орнатылып, тығыз шарттық-құқықтық база құрылды,сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық қарқынды дамыды.

 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы мемлекетаралық шарт Қазақстан-Италия қарым-қатынастарының ерекше мәртебесін айғақтайтын аса елеулі оқиға болды.

Толығырақ: Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 25 жыл

Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]