Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 25 жыл

шаблоны joomla новостныефонари светодиодныеавтомобильные шины

                           Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 25 жыл

 

 2017 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толды.

 Ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог орнатылып, тығыз шарттық-құқықтық база құрылды,сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық қарқынды дамыды.

 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы мемлекетаралық шарт Қазақстан-Италия қарым-қатынастарының ерекше мәртебесін айғақтайтын аса елеулі оқиға болды.

БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде сенімді қарым-қатынастар орнатылды. Қазақстан мен Италияның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас. Екі елдің 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы өзара іс-қимылында бір-біріне демеуі осының дәлелі.

Италия Қазақстанның негізгі сыртқы сауда әріптестерінің бірі болып табылады, итальян компаниялары еліміз экономикасындағы ірі инвесторлардың қатарында. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасына тартылған итальян инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 6 млрд. АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық және алмасу жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының белсенді қызметі экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті барынша кеңейтуге ықпал етуде.

Италияның жаңартылатын энергия көздерін қолданудағы бай тәжірибесін назарға ала отырып, итальян компаниялары Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуда.

Өңіраралық ынтымақтастық серпінді дамуда. Астана мен Милан, Астана мен Фриули-Венеция-Джулия өңірі делегациялармен тұрақты түрде алмасуда. Бұл ынтымақтастыққа Қазақстанның Италияның бірқатар қалаларындағы құрметті консулдары зор үлес қосып отыр.

Білім және мәдениет саласындағы байланыстар да кеңейіп келеді. 2013 жылы Италияда Қазақстанның мәдениет күндері, ал 2016 жылы Қазақстанда Италияның мәдениет күндері сәтті өтті. «Астана Опера» театры Миландағы «Ла Скала», Неапольдегі «Сан Карло» және Генуядағы «Карло Феличе» театрларымен тығыз ынтымақтастықта.

Қазақстан Италиямен стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтып, дамытуға ниетті.

крымсобаки
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]