Сыбаға

Сыбаға бағдарлама пунктері

 

                                                                          "Сыбаға" бағдарлама пунктері

 

Қарыз мақсаты: заңды және жеке тұлғалар үшін (қожа шаруашылықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер) – етті тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың аналық басын және бұқа-өндірушілерін сатып алуға;
негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру, қарыздың жалпы көлемінің 15% аспайтын сомада.
Қарыз беру шарттары:
•    Қарыз сомасы – 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін;
•    Несие желісінің мерзімі – 84 айға дейін;
•    Қарыз/транш беру мерзімі:
•    ірі қара малдың аналық басын сатып алуға - 84 айға дейін;
•    асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға - 24 айға дейін;
•    айналымдағы қаражаттарды толықтыруға - 24 айға дейін;
•    негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге - 84 айға дейін.
•    Сыйақы ставкасы – жылдық 6%.
•    Тиімді сыйақы ставкасы – жылдық 6,7% дейін.
Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдетілген кезең:
•    асылды тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға, айналымдағы қаражатты толықтыруға - әр траншты бөлген күннен бастап 12 айдан ұзақ емес;
•    ІҚМ аналық басын сатып алу және негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу мен жөндеуге - әр траншты бөлген күннен бастап 24 айдан ұзақ емес;
Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдетілген кезең:
•    ІҚМ аналық басын, асылды тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға және негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге - әр траншты бөлген күннен бастап 12 айдан ұзақ емес;
•    Қамтамасыз ету - Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес
•    Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
•    Төлеу қабілеті және қаржылық тұрақтылық;
•    Несие өтінішін берген/қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
•    соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
•    жағымды несиелік тарихы (несие тарихы бар болса);
•    малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;
•    азықтық қормен қамтамасыз ету;
•    жайылымдық жерлердің болуы, сондай-ақ бірлескен шаруашылық туралы келісім-шарт бойынша;
•    шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық жағдайдың болуы;
•    жалпы ірі қара малдың (өз және сатып алынатын ІҚМ) ішінде 25%-ы көлемінде өз ірі қара малының болуы. Өз ІҚМ болмауы жағдайында, қарыз алушы сатып алынатын ІҚМ саны құнынан 25% қаражат түрінде тең қаржыландыруын қамтамасыз етуі тиіс.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар:
•    сатып алынатын ІҚМ аналық басының жасы - 12 айдан 48 айға дейін;
•    өз және/немесе несиелік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды бұқа-өндірушілердің болуы, ІҚМ санының арасалмағы: 30 аналық мал басына 1 асыл тұқымды бұқа;
•    ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес ірі қара малды бірдейлендіруді (таңбалау, жапсырмалау) және оларға ветеринарлық төлқұжаттар ресімдеуді қамтамасыз ету;
•    лицензиясы бар, бәсекелес және шарт жасасу негізінде қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық мамандар есебінен ветеринарлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
•    малды бөлшектейтін орын (ІҚМ жеке жұмыс жасауға арналған мал өткізетін дәліз) қамтамасыз ету;
•    асыл тұқым деген және ветеринарлық куәлігі бар ет тұқымды асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алу;
•    бүкіл жас малды - бұқаларды бордақылау алаңдарына өткізу;
•    несиелеу мерзімі барысында аналық мал басы мен етті тұқымды бұқа-өндірушілердің санын қарызға алған қаржыға қамтамасыз ету.

Толығырақ: Сыбаға бағдарлама пунктері

«Сыбаға» - ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы

 
                                     «Сыбаға» - ауыл  шаруашылығын қолдау  бағдарламасы
Мемлекеттің ауыл халқына өз шаруашылығын бастап, дамытуға қомақты көмек көрсететіні белгілі. Қолдау көрсету барысында әр түрлі бағдарламалар қабылданып, іске асырылады. Қабылданған бағдарламалар ішінде «Сыбаға» бағдарламасы ауыл адамдарының үлкен назарына ілікті. Бағдарлама жұмысы 2011 жылы бастау алып, бағдарлама бойынша асыл тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың сиырларын және тұқымдық бұқа сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін 7 жыл мерзі­мінде заңды тұлғаларға, шаруа қожа­лықтарына, жеке кәсіпкерлерге ставкасы – жылдық 6% сыйақы мөлшерінде қарыз беріледі. Қарыз алушыларға төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық, өті­ніш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) айда салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы, соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымсыз несиелік тарихының болмауы, малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты және басқа да талаптар қойылады.
Осы бағдарламаны іске асыру барысында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ үлкен жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда осы қордың Қарағанды облысындағы филиалына өз бизнесін бастау немесе дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие алуға өтінішпен келетін жеке азаматтар мен шаруа қожалықтары аз емес. 

Толығырақ: «Сыбаға» - ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы

“Сыбаға” бағдарламасы іс жүзінде

 

 

“Сыбаға” бағдарламасы іс жүзінде

 

  Ауылшаруашылығы саласында жасалып жатқан осындай ілкімді жобалардың арқасында біз ауыл азаматтары да жағдайымызды түзеп жатырмыз. Қазір отбасымызбен сүт өнімдерін дайындаймыз

 

Сүт бағытында өсірілетін сиыр малын көбейтуге арналған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқасында қазір ауыл еңбеккерлері де жағдайын жақсартуда. Мәселен: Қордай ауданында бұл жоба өткен жылы артығымен орындалған.Қордай ауданы Ауқатты ауылының тұрғыны Құрманқұл Базарқұлов мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырған жандардың бірі. Ол былтыр өз үйінің ауласынан үлкен мал бордақылау кешенін салып, бүгінде қазақтың ақ бас сиырларын ұстайды. Күніне әр сиырдан 20 литрге дейін сүт сауып, оны ауданға өткізеді.

Толығырақ: “Сыбаға” бағдарламасы іс жүзінде

Қобдада «Сыбаға» бағдарламасы 207,9 пайызға орындалды

 

Жыл қорытындысын шығаруға және алдағы бағыттарды айқындауға арналған Қобда ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің есебінде көптеген мәселелер қамтылды.

Әсіресе, Елбасы ерекше назар аударып отырған мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуы, осы бағытта жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәсіп жасауға ұмтылған тұрғындарға көмек беру жайы таратылып айтылды. 

 

Жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап көрсеткендей, бүгінгі күні кәсіп жасаймын, ісімді ілгері бастырамын дегендерге мүмкіндік мол.

Қобда өңірінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында біршама ілгерілеулер байқалады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы   өнім   көлемі  13 миллиард 937 миллион теңгеге жетті, бұл алдындағы жылдан 6,4% жоғары.

Шаруашылық құрылымдар есепті жылы салаға барлығы 484,6 миллион теңге  инвестиция тартты, бұл да алдындағы кезеңмен салыстырғанда 2,7 есе артық. Жыл ішінде барлығы 43 ауылшаруашылық техникасы жаңартылды.

Мал басын көбейту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға жергілікті ауылшаруашылық құрылымдары белсенді қатысуда. Соның айқын мысалы ретінде аудан әкімі мынадай деректерді ұсынды: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 143 миллион теңгеге   811 ірі қара сатып алынып, бұл бағыттағы жоспар 207,9%-ға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 16,8 миллион теңгеге 698 қой  алынды. Мұнда да біраз өсім бар. «Құлан» бағдарламасымен жоспарға сәйкес бойынша 110 жылқы  алынды.

Ауданда қазіргі уақытта 4  асылтұқымды мал шаруашылығы  жұмыс жасайды.

Толығырақ: Қобдада «Сыбаға» бағдарламасы 207,9 пайызға орындалды

«СЫБАҒА» ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП ТҰР

                                                                                                      «СЫБАҒА»


Қалың қазақ жұрты ерте заманнан айналасып келе жатқан кәсіптерінің бірі – мал шаруашылығы. Ата-баба ізімен мал өсіруді бүгінгі жұртшылық мықтап қолға алды. Ауылдың тыныс-тіршілігімен қатар өрілген төрт-түлігі басты қазынасы. Бүгінде ескі кәсіпті жалғастырып отырған тұрғындардың қарасы мол.  Кейбір тұрғындар мал шаруашылығын дамытпақ ниетте жеке кәсіп ашып, мал басын өсіруде. Мемлекеттің ауыл халқына қолдау көрсету мақсатында өз шаруашылығын бастап әрі қарай дамыту үшін қомақты қаражат алғандар қарасы мол. Соның негізінде 2011 жылдан бері «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында асыл тұқымды жас мал өсіру агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара мал  және тұқымдық бұқа,  негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында 1 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін 7 жыл мерзімінде заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге мөлшерлемесі — жылдық 6%  сыйақы қарыз беріледі. Қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптар алушының төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық, өтініш берілген күннен бастап 3 ай мерзімінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер берешегі болмауы, соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымсыз несиелік тарихының жоқтығы жөнінде малды ұстау қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты талаптар қойылады. «Сыбаға» бағдарламасының бас­ты ерекшелігі қаржыны ет бағытындағы сиырлар мен асыл тұқымды бұқалар алуға жұмсалуы тиіс.  Кепілдік мүлік ретінде тұрғызылған уақытына қарамастан, ауылдық жердегі құжаттары заңды тіркеуден өткен жағдайы қанағаттанарлық барлық құрылыс нысандары, автотехникалық мүліктерді қоюға рұқсат етілген. Қойылған мүліктің құны алынған несиенің 130 пайызын жабуға жеткілікті болуы тиіс.  Өз шаруашылығын ашуға ниеттенген азаматтарға айтарымыз мал өсіргің келсе, өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал өсіруге дағдылану қажет. Бағдарламаның көздеген мақсатыда ірі қараның ет бағытындағы тұқым табынын көбейту. 25-30 сиырмен бірге бір асыл тұқымды бұқадан сатып алу міндеттелген.

Толығырақ: «СЫБАҒА» ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП ТҰР

Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]