Жер жәннәті Оңтүстік

Мақта шаруашылығын дамытуға не кедергі?

 

 

 

                                              Мақта шаруашылығын дамытуға не кедергі? 

 

 Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында мақта өсірушілерінің «Жақсартылған мақтаны өсіру бойынша жобаның дамуы» атты ІІ конференциясы өтті.

Шара Қазақ мақта қауымдастығы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруымен өтті. Ауқымды шараға ӨКП, Қазақ мақта қауымдастығы, ОҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов, Қазақтың мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ибадулла Үмбетбаев, ОҚО әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Асан Махамбетов, Мақтарал ауданының әкімдігі, Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit компаниясының қазақстандық өкілдігі, «Компания Луи Дрейфус Қазақстан», «GIZ», «Jing Xing Mianhua» компаниялары, сондай-ақ жиырмадан астам өңірдің барлық мақта өсіруші ұйымдар мен шаруа қожалықтары өкілдері келді.


Толығырақ: Мақта шаруашылығын дамытуға не кедергі?

Арпа, бидай ас екен...

 

 

                                                                            Арпа, бидай ас екен...

 

  Әр жыл сайын келетін орақ нау­қанының тек өзіне тән ерекшелігі болатынын мамандар жиі қайталайды. Еліміздің батыс өңіріндегі егін ору ісіне тән биылғы өзгешеліктер қан­дай деген сауалға жауап іздер болсақ, көктемгі жаңбыр егіс салуға кедер­гісін келтіргенін айтқан жөн. Сон­дықтан, бұл науқан Ақтөбе аума­ғында өз уақытынан кештеу аяқталды. Соның салдары облыстың кейбір аумақтарында астықтың өз уақытында толық пісіп үлгермегеніне әкеліп соқтырды.


    Әйтсе де дәл қазіргі күні өңірдегі Мәртөк, Қарғалы және Әйтеке би аудандарының астық өсірушілері дәнді дақылдар егістігін оруды еңсере бастады. Мұнда орташа есеппен әр гектардан 10,7 -11,5 центнерден өнім жиналуда. Әрине мұның төмен өнім еместігі анық. Сонымен бірге, оның соңғы көрсеткіш емес еке­ніне де екпін түсірген жөн. Алда­ғы күндерде биылғы жылдың жаңа асты­ғының түсімі ұлғаяды деп болжанған.

Толығырақ: Арпа, бидай ас екен...

Өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша көшпелі семинар

 

 

Өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша көшпелі семинар

Агротехникалық талаптарды орындау, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету және заманауи технологияларды қолдану арқылы дәнді-дақылдардан мол өнім алу әдісін жолға қою.

 

Осы және егін шаруашылығының өзге де мәселелері Қарғалы ауданында өткен "Егінжай күні" шарасында талқыланды. Бұндай семинар бірқатар қожалық, өсімдік шаруашылығы саласына қатысы бар өкілдер үшін аса маңызды. Дәлірек айтсақ, шараға облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, сондай-ақ, аудандық ауылшаруашылығы бөлімдерінің өкілдері мен аграрлық салаға қажетті заманауи техника шығарушы өндіріс иелері қатысты. Бұдан өзге, семинарға көрші Қостанай облысының да өкілдері келді. Белгілісі, мемлекет басшысы аграрлық секторды экономиканың драйверіне айналуы керек деген міндет жүктеді. Жыл сайын ауыл шаруашылығы саласының дамуына қыруар қаржы жұмсалуда. Агротехнологиялық талаптарды сақтау - ең негізгісі. Көшпелі семинарда Қарғалы ауданындағы "Интер-Агро" және "Дилэнд" серіктестіктерінің егін алқабында қолданылатын заманауи технологияны енгізу жұмыстары таныстырылды. Мәселен, "Дилэнд" барлық заманауи технологияларды сай келетін сегіз мың гектар алқапқа арпа,майлы дақылдар, бидай еккен. Кейбір дәнді дақылдар - ақтөбелік селекционерлердің еңбегінің жемісі.

Толығырақ: Өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша көшпелі семинар

Ауыл шаруашылық дақылдарының қазақстандық сорттарының бәсекеге қабілеттілігі

Өмір көші алға тартқан сайын ғылымның дамуында да даңғыл жолға түскен өзгерістер кеңінен орын алып келеді. Бұл бүгінгі заманауи талаптардың сұранысы мен тапсырысы екені тәжірибе тәлімдерінен анық та айқын көрініс тауып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жаһан бойынша күрделі проблемаға айналып отырған азық-түлік проблемасының халық күткен деңгейде оң шешімін табуы ауадай қажет-ақ. Оны шешуде ғылым саласы қол қусырып қарап отырған жоқ. Орнын тапқан оңтайлы жетістіктер де баршылық. Дегенмен де оны жеріне жеткізіп, түбегейлі түрде зерделеу мен зерттеу, ізденісті ілгерілете беру бүгін, ертең біте қоймайтын ауқымдағы арнасы кең жұмыс. Ауыл шаруашылық дақылдарының қазақстандық сорттарының бәсекеге қабілеттілігі қазір өзекті мәселе ретінде таразы талқысына салынуда.


Көп уақыт өте қойған жоқ. Осыдан біраз мерзім бұрын Елбасымыз Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде: «...Егер технологияларды трансферттеуге ғана сүйенсек, онда біз өзіміздің технологиялық саламызды дамыта алмаймыз және технологиялық жағынан ғылыми дамыған мемлекеттерге тәуелді болып қаламыз. Сондықтан да бізге өз ғылымымызды дамыту қажет...», - деп шегелеп тұрып айтуының астарында терең мән жатыр. Бұған немқұрайды қарауға болмайды. 
Енді негізгі тақырып аясына тоқталайын. Академик Н.И.Вавилов «Экожүйелердің өзгеруіне байланысты және өндіріс ауқымының өсуіне қарай ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру мен дән сапасы факторы ретінде маңызы арта түседі» деп түйінді тұжырым жасайды.Өз басым академиктің бұл пікірін ақиқат шеңберінде айтылған деп есептеймін. Қазақстанда климаттық жағдайлардың өзгеруі мен ауытқуы ауыл шаруашылығына айтарлықтай кедергі келтіретін мемлекеттердің қатарына жатады. Осыған байланысты Қазақстанның аграршы ғалымдары ортаның абиотикалық (құрғақшылыққа төзімділік, ыстыққа, қысқа, аурулар т.б.) факторларына тұрақты, ауыл шаруашылық дақылдарының бәсекеге қабілетті, яғни классикалық селекция, биотехнология және молекулярлы биология әдістері негізінде егістіктің ауыспалы жағдайларына бейімделген сорттар мен будандарын шығару бойынша зерттеулер жүргізуде. 
Біздің елімізде қарама-қайшы топырақтық, климаттық жағдайларында отандық сорттармен белгілі бір аймақты жеткілікті өніммен айтарлықтай ауқымда қамтамасыз ететініне күмән жоқ. Өйткені, спецификалық бейімді генотиптерді сорт өсірілетін немесе соларға максималды ұқсас жағдайларда іріктеуге болады. Осынау ұғынықты ұсынысты ортаға салып отырған ғалым А.А.Жученконың кеңесімен де келісуге болады. Осыған орай мен нақты цифрға жүгінейін.Тек қана 2005-2016 жылдары қазақстанның селекционер ғалымдары ауыл шаруашылық, жеміс–жидек, техникалық, көкөніс-бақша, тағы да басқа дақылдардың 664 сорты мен буданын шығарып, мемлекеттік сортты анықтау мен сынау сараптамасына жіберді. Ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын тек қана шығарып қоймай, сонымен бірге оларды өндіріске енгізу де өте маңызды. Сол себепті барлық шығарылған сорттар мемлекеттік сынау жүйесінде үш жыл бойы сынақтан өтеді және үздік, бәсекеге қабілетті жарамды сорттар ғана өндіріске пайдалануға жіберіледі. Әрбір шығарылған жаңа сорт – ғалымдардың көптеген жылдар бойы табан ет, маңдай термен атқарылған үлкен еңбегінің жемісі болып табылады. Сорт жасап шығару үшін біріншіден, селекцияның дұрыс бағытын таңдап алу керек. Мінсіз сорт моделін анықтау қажет. Яғни, селекциялық процесс дегеніміз – жан-жақты бағалау негізінде сорттарды шығару мен жақсарту бойынша үнемі әрекет ететін селекциялық конвеер.

 

Толығырақ: Ауыл шаруашылық дақылдарының қазақстандық сорттарының бәсекеге қабілеттілігі

Оңтүстік қазақстан облысы ауылшаруашылық кәсіпкерлігі қызметінің даму жағдайы

 

                                 

Оңтүстік қазақстан облысы ауылшаруашылық кәсіпкерлігі қызметінің даму жағдайы

 

   Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылыми орталардың басты назарында болып келді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық-әлеуметтік және мәдени көкейтесті қырлары кеңестік экономикалық теорияның сыртында қалып қойды. Көптеген онжылдықтар кезінде отандық саяси экономиканың нәтижесінде капиталистік пайдаланудан артта қалды. Шаруашылық қызметтердің арнайы субъектісі ретінде кәсіпкерліктің дәрменсіздіктерін дәлелдеді. Бұл экономикалық дамуда іскерліктің кері әсер етуіне және  ғылым саласындағы терминдер жиынтығына сәйкес келетін қолданудан алып тастауға әкелді.

Шағын кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Тәуелсіз еліміздің аграрлық реформаны жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік маңызды мәселелерінің бipi болып табылады.

Қазақстан Республикасында «2003-2005 жылдарды ауылды көтеру жылдары» деп белгіленіп, жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламаларда аграрлық саладағы шағын кәсіпкерліктің тиімді жүйесін қалыптастыру, ішкі және сыртқы нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру және тағы сол сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазіргі кезде шағын кәсіпкерлік бәсекелестікке қабілеті бар аграрлық өндірістік құрылымдардың бір бөлігіне айналып және еліміздегі экономикалық үрдістердің белсенді қатысушысы болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы шағын кәсіпкерліктің негізгі формалары – шаруа(фермер) қожалықтар  және жұртшылық шаруашылықтар.

       

Толығырақ: Оңтүстік қазақстан облысы ауылшаруашылық кәсіпкерлігі қызметінің даму жағдайы

Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]