2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

шаблоны joomla новостныефонари светодиодныеавтомобильные шины

 

 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
Алматы облысы бойынша 2017 жылдың 20 шілдесіне
орындалуы туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Алматы облысына 2017 жылға – 33,6 млрд.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде субсидия көлемі – 25,5 млрд.теңге немесе барлық қаражаттың – 75,8 %.

Бөлінген қаражаттың егін шаруашылығын дамытуға – 5,9 млрд.теңге, су шаруашылығын дамытуға – 2,0 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 11,9 млрд.теңге, қайта өңдеуге – 0,6 млрд.теңге, инвестициялық субсидиялауға – 5,6 млрд.теңге, бюджеттік несие беруге – 4,1 млрд.теңге, қаржылық қызметтерге – 1,0 млрд.теңге, фитосанитарлық және ветеринариялық қауіпсіздікке – 2,4 млрд.теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесіне қаржыландыру жоспарына сәйкес  16,9 млрд.теңге игерілді немесе – 50,2%. 

 

   2017 жылдың қаңтар-маусым айларында 15,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 1,9% құрады. 
   Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 155,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 16,4 есеге артты.

Облыс әкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша 2017 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 168,7 мың гектарға егiс егу жоспарланған.Оның ішінде дәндi дақылдар 84,5 мың, майлы дақылдар   7,4 мың, мал азықтық дақылдар 60,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың гектар. 

   2017 жылға қажетті 51,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштың қазіргі таңда нақты 46,6 мың тоннасы (91,1%) алынды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі  64,8 мың литрді құрайды. Бүгінгі күнге, шаруашылықтар тарапынан 5,5 мың литр гербицид (23,9%) сатып алынды.
   Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына 1830 трактор, 491 соқа,  245 тұқым сепкіш, 394 автомашина және 905 трактор тіркемесі қатысты.
2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 14 мың тонна дизель отыны толығымен облысқа жеткізіліп, оның 10,7 мың тоннасы (76,6%) шаруашылық құрылымдарына таратылды
   2017 жылдың егісіне 612 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 63,6, тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 184,5 тонна жоңышқа  және негізгі дақыл күріштің  23355 тонна тұқымдары құйылды. 

 

Бүгінгі таңда құйылған ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.
   Облыс бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне 313,9 мың бас мүйізді ірі қара, 784,7 мың бас қой мен ешкі, 122,6 мың бас жылқы, 44,8 мың бас түйе, 3,1 мың бас шошқа және 95,2 мың бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,2%-ға, қой мен ешкі 3,4%-ға, жылқы 12,9%-ға, түйенің саны 3,4%-ға, құстың саны 14,5%-ға көбейді.

 


 

 


 

 


крымсобаки
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]